Қазақстан халқының саны 18 млн 177 мың адамды құрады

291

0

1 ақпанда Қазақстан халқының саны 18 млн 177,7 мың адамды құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 240,6 мың адамға артық немесе 1,3% процент жоғары, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемемен. 
Соның ішінде қалалықтар 10 439,6  мың (57,4%), ауылдықтар – 7 738,1 мың адамды (42,6%) құрады. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда 33,3 мың сәби туған, бұл 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 4,4% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,42 туылғандарды құрады. 2018 жылғы қаңтарда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,5 мың адамға немесе 13,1% көбейіп, 21,5 мың адамды құрады.
 Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,83 адамды құрады. 2018 жылғы қаңтарда республикада 1 жасқа дейінгі 317 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,1% көбейді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2018 жылғы қаңтарда 146 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 46,1% құрады. Туа біткен ауытқулардан 64 немесе 20,2%, тыныс органдары ауруларынан – 29 немесе 9,1% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 11 немесе нәрестеердің 3,5% проценті қайтыс болды.  
2018 жылғы қаңтарда нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 сәбиге шаққанда 9,53 нәрестені құрады. Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтарда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,2% кеміп, 1 360 адам құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 34,9% көбейіп, 2 258 адам құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 78,1%; ТМД елдерге кеткендердің үлесі 86,7% құрады. 
Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,3% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы: Астана қаласы – 1 058 адам; Алматы қаласы – 3 549 адам; Ақмола облысы – 157 адам; Маңғыстау облысы – 26 адам.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<