Қазақстан және әлем экономикасы алдағы уақытта қалай дамиды?

386

0

 Қазақстан

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша ішкі жалпы өнім өсімі 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4 процентті құрады. Бұрын газетімізде хабарланғандай, осыдан бір жылдай бұрын халықаралық валюта қоры өз болжамында аталған өсімді біршама төмендетіп көрсеткен болатын. Бұл орайда Азия даму банкінің болжамдары бойынша да төмен көрсеткіш негізге алынған еді.

Қазақстандағы ішкі жалпы өнім өсімінің алдын ала жасалған болжамдарға қарағанда сәл жоғарылау болуының себептері мы­надай. Біріншіден, мұнай нарығындағы баға күт­кендегіден жоғары болды. Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік қолдау шараларына көптеп қаржы бөліп, бұл өз кезегінде тұтыну рыногында тауарлардың сұраныс табуына ықпал жасады.

Еліміздің макро­экономи­калық салаға жауап беретін ұйым басшыларының мә­лім­­деуінше, жыл аяғына дейін инфляциялық үдеріс­тердің өсімі болмайды. Бұл алдыңғы жылдарға бел­гіленген монетарлық сая­саттың құрамдас бөлігі болып табылады. Үкімет қазір осы сала бойынша алдын ала бөлінген параметрлермен жұмыс істеуде.

Биылғы жылдың ерек­шелігі, тұтыну рыногында жыл сайын көкөніс бағалары бойынша байқалатын қым­батшылық сезілмеді. Бұл, біздіңше, салаға мемлекеттік қолдаудың едәуір ықпал жасап жатқанын біл­діреді. Агроөнеркәсіпке мем­ле­кеттік қолдау Қазақ­станды Еуразиялық эко­но­микалық кеңістікте же­тістіктерге жеткізеді деген болжамдар айтылуда. Сонымен бірге, Қытай, Иран бағытындағы қадамдар экс­­порт әлеуетін арттыра түсе­тін болады.

Әлем

Әлем жұртшылығы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының әкелген зардаптарын есептеуде. Оның теріс ықпалы еуроаймақтағы елдерге салқынын тигізе бастады. 2019 жыл соңына дейін Германия, Италия, Голландия өз дамуының тө­мендейтінін мәлімдеді. Ағымдағы әлеуметтік-эко­но­микалық қиындықтар сал­дарынан сарапшылар еуро­аймақ елдерінің жалпы ішкі өнім өсімі орта есеппен 1,3 процент құрайтынын мәлімдеді. Болжамдар бо­йынша әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген елдер өздерінің 2019 жылға арнаған өсім көрсеткіштерін төмендетіп отыр. Сонымен  бірге сарапшылар еуро­аймақта күтілетін Ұлы­британияның брекситі Испанияда Каталонияның тәу­ел­сіздікке ұмтылысы сияқ­ты дүмпулер жалпы өңірде экономикалық өсім­нің баяулауын тезде­тетін болады.

Еурокомиссия сарапшы­ларының пікірінше, 2019 жыл Еуроодақ елдерінің барлығы үшін күрделі болады. Иранның АҚШ-пен, сондай-ақ бірқатар Араб елдерімен текетіресі әлем экономикасының өсіміне кері ықпал жасайтын фак­торлардың бірі болып табылады.

Ж.ӘЛМАХАН. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<