Түлектер мектеп ауласына ағаш отырғызды

439

0

Фото: 101 мектеп-лицей

Кіндік қаны тамған туған жердің мерейін үстем ете отырып мектеп ауласын көркейту әр жанның ойында жүретін мақсаттың бірі екені анық.

Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген жақсы сөз бар. Осы сөзді бойына сіңіріп өскен Әли Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің жас түлектері білім ұяларының гүлденуі үшін өз үлесін қосты. Биік болып өсіп, аулада ұзақ өмір сүрсін деген ниетпен хош иісті Бозарша (Туя) ағашын отырғызды.

Оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрету, бастысы экологиялық білім беру үрдісі – «Жасыл мектеп» жобасының басты мақсаттарының бірі.

Талдың рухани пайдасы зор. Біріншіден, оны еккен адам баласына үлкен сауап болса, екіншіден таза ауа және желді аймақтарға әкелер пайдасы мол.

Алдағы уақытта мектеп айналасын жасыл желекке бөлеп, көшеттер білім ұясының ажарын аша түспек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<