Байқоңырда көшеде тапанша алып жүрген адам ұсталды

461

0

«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасының барысында ақпан айының 8 күні сағат 18:19 шамасында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдіктің қызметкерлері қызмет атқару барысында 33 жастағы күдікті азаматты тоқтатқан.

Тексеру барысында Төретам кентінің тұрғынының шалбарының қалтасынан «SM Action 9 mm» «Knall W.Garm PTB 496» тапанша анықталды. Тапанша заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабының 2-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<