Бокстан Қазақстан командасы Ресейде бірлескен жаттығу жиынын өткізіп жатыр

697

0

Қазақстандық боксшылар Ресейдің Кисловодск қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Olympic.kz.


17-31 наурыз аралығында Қазақстан командасы Ресей және Өзбекстан құрамаларымен бірлескен жаттығу жиынына қатысады.


Жиынға төмендегі боксшылар шақырту алған: Оразбек Асылқұлов, Ермахан Жакпеков, Айбек және Нұрбек Оралбай, Василий Левит, Әбілхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов, Ертуған Зейнулинов, Абылайхан Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Нұрлан Сапарбай, Қамшыбек Қоңқабаев, Махмұд Сабырхан, Зәкір Сафиуллин, Серік Теміржанов, Бекзад Нұрдәулетов.


Команда бас бапкері – Ғалымбек Кенжебаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<