ДАРЫНДЫЛАРДЫ ДАРАЛАҒАН БІЛІМ ДОДАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ

410

0

Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы мен М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясының ұйымдастыруымен оқушылар арасында өткен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі – Ыбырай Алтынсарин шығармаларын насихаттау мақсатында өткізілген «Кел, балалар, оқылық!» атты байқауда Мәнерлеп оқу номинациясы бойынша №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Грищенкова Ева жүлделі І орынды иеленіп, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түсті.
Сондай-ақ аталмыш мектептің оқушысы Жахат Еркебұлан «Orda Junior-2017» облыстық ғылыми жобасында жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Нәтижесінде, М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының ұйымдастыруымен ғылымға ден қойған жас ұрпақты қолдау мақсатында өткізілген «Жас ғалым-2018» републикалық мектеп оқушылары арасында ғылыми жоба байқауында ІІ орынды иеленді.
 Ал, орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық және облыстық кезеңдерден жеңіс тұғырынан көрінген №31 мектеп-гимназиясының оқушысы Сетраков Братислав 2018 жылдың 25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткізілген республикалық олимпиададан жүлделі ІІ орынды иеленді.
Аудан мерейін асқақтатып, білім додасынан оза шапқан жас өрендерді аудан жастары, 
ата-анасы, ұстаздары марапат-қошеметімен күтіп алды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<