Департамент басшысы тағайындалды

285

0

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын  қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына Гүлмира Сейітбекқызы Өтегенова тағайындалды.

Г.Өтегенова 1966 жылы туған. Қара­ғанды кооперативтік институтын «Тауартанушы»,  Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жалағаш аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы ретінде бастаған.

1995 жылдан бастап осы департаментте басшының орынбасары қызметін атқарып келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<