Диетологтар қан қысымын қалыпқа келтіретін өнімдерді атады

480

0

Америкалық диетологтар жоғары қан қысымымен күресуге көмектесетін өнімдерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Диетолог Триста Бест шпинат, қырыққабат және бұршақтың қан қысымы жоғары адамдар үшін пайдалы екенін айтады. Олардың құрамындағы магний ағзадағы азот оксидінің өндірісін арттырады және тамырларды босаңсытып, қан айналымын қалыпқа келтіреді.


Ал Джанет Коулманның айтуынша қан қысымын төмендетуге пайдалы тағы бір тағам – майлы балық. Омега-3 май қышқылдарына бай ақсерке, скумбрия сияқты балықтар жүрек жұмысын жақсартады. Journal of Nutrition журналының зерттеу нәтижесі бойынша аптасына үш рет ақсерке балғын жеу қан қысымын төмендететінін көрсетті.

Коулман сонымен қатар сүт өнімдерінің де пайдасы мол екенін айта кетті.


“»Сүт пен йогурт сүйек денсаулығына өте қажет ақуыз бен кальцийге бай. Сонымен қатар құрамында қан қысымын төмендетуге көмектесетін калий де бар», – деді дәрігер.


Диетолог Рэйчел Файнның айтуынша, авокадода да калийдің көп мөлшеріне бай.


«Калий магний сияқты әрекет етеді. Ол қан тамырларын босаңсытады және айналымын тұрақтандырады», – деді Бест әріптесін қолдап.


Мамандар банандардың да калийге бай екенін және жоғары қан қысымымен күресуде пайдалы болуы мүмкін екенін және сарымсақтың да осы тұста пайдалы екенін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<