Доллар тағы 6 теңгеге қымбаттады

777

0

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 ақпан кешімен салыстырғанда 6,23 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 472, 24 теңге болды.

Ұлттық банктің 25 ақпандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 465, 99 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 467,43 теңгеден сатылса, сатып алу – 472,46 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 465,49 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 470, 90 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<