ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ҚОЛЖЕТІМДІ ЖҮЙЕ

527

0

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ҚОЛЖЕТІМДІ ЖҮЙЕ Елбасының «Төртінші өнеркә­сіп жағдайындағы даму­дың жаңа мүм­кіндіктері» атты биылғы Жол­дауының маңызы ерекше.

Бұл Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы және «Қазақ­стан-2050» даму стратегиясымен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен, сондай-ақ, Елбасы­ның «Болашаққа бағ­дар: ­рухани жаңғыру» бағ­дарламалық мақала­сы­мен ұш­тасады.

Елбасы Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он сала нақ­тыланды. Қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін цифрлы технологияны жетік меңгеру басты міндет болып белгі­ленді.

Бүгінгі таңда дүниежүзінің дамыған елдеріндегідей ­елі­міз­де «Қызмет көрсетудің бір­­тіндеп электронды саласына көшу бағы­тында мемле­кеттік орган­дар­дың электрон­дық қызмет көрсету жүйесі қалыптасқан. Электронды қыз­мет көрсету – қазіргі уақыт­тағы заман талабына сәйкес «электронды үкімет», «электронды портал» жүйелері арқылы электронды түрде жүргізілуде.

Қазіргі танда «Цифрлық Қа­зақ­стан» бағдарламасының ­не­гізгі бағыттарының бірі бел­сен­ді жағ­дайға көшуді көз­дейтін, элек­трондық және мобиль­дік үкімет жүйесін жетілдіру, мем­лекеттік қызмет көрсетуді оң­тайландыру қадам­дарын қамтып отыр.

Басты мақсат – азаматтарға интернет жүйесі арқылы көр­сетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, сонымен қа­тар,  мемлекеттік қызметті көр­сетуді оңтайландыру арқылы жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Бүгінде Әділет департамен­тінде тіркеу рәсімдерін жеңіл­дету, әкімшілік кедергілерді азайту, сонымен қатар, қағаз­бастылықты жою мақсатында мемлекеттік қыз­меттердің басым бөлігі электронды түрде көрсетіледі.

Азаматтар үшін тиімді және қолжетімді қызмет көр­сету жүйе­сін құру, сондай-ақ мемле­кет­тік қызметтерді көрсету бары­­сында бизнес-процестерді же­­тіл­діру мақсатында заңды тұл­ғаларды тіркеу бағытында жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бойынша «Азаматтарға ар­нал­ған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясы арқылы ішін­ара авто­маттандыруға ба­ғыт­­талған жұ­­мыс­тар жүр­гізілуде.

2015 жылдан бас­тап нотариусте куә­ландырған жыл­жы­майтын мүлікке құқық­тар баламасыз түр­де 1 күн ішінде элек­тронды ­форматта тір­келуде.

Алайда, ағым­дағы жылы жылжымайтын мүлікке құқық­тарды тіркеу функциясын «Аза­маттарға арнал­ған үкімет» мем­лекеттік корпорациясына беру жұмыстары жоспарланып отыр.

Осыған орай, аудандық, қа­лалық әділет басқармалардағы мұрағатта сақталған тіркеу іс­теріне түгендеу жұмыстары жүр­­гізіліп, нәтижесінде 219 039 жыл­­жымайтын мүліктің тір­кеу істері сақталғандығы анық­талды.

Қазіргі таңда министрлік та­­ра­­­­­­­­пынан заңнамалық тұрғы­дан заң­­­­дастыру шаралары жүр­гі­зі­лу­де.

Елбасының биылғы ­Жол­­­­­­да­у­­ын­­дағы «Тиімді  мемле­­кет­тік бас­­­­қару» міндетінде «Бір ­терезе» қағидаты бойынша ­бизнес­ке мем­лекеттік қолдау көрсету үде­­ріс­­терін цифрландыруды қам­­­­­­та­ма­­сыз ету айтылса, «Жем­қор­­­­­­лық­пен күрес және заңның үстемдігі» міндетінде «Мемле­кет­­тік органдардағы про­цес­терді, со­­ның ішінде олар­дың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифр­ландыру маңызды болып саналады» деп атап көрсетілген болатын.

Бүгінгі танда кәсіпкерлер «Электрондық үкіметтің» веб-порталында өз бизнесін құрылтай құжаттарына толық­тыруларды және таратуды онлайн режимінде тіркеуге алады.

Өз кезегінде онлайн тіркеу тәуліктің кез келген уақытында жүргізілуі азаматтардың уақы­тын үнемдеп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық сияқты келеңсіз жағдайлардың алдын алуға, мем­лекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға өз септігін тигізуде.

Қазақстан өркениетті, да­мы­­­ған елдер қатарына еніп, ­Елі­міз тәуелсіз ел, дербес мемлекет бола бастағаннан  Президент ­Нұр­сұлтан Назарбаевтың бас­шы­лығымен мемлекеттік бас­қару жүйе­сі жаңғырып, әлеуметтік са­ла­­да жүргізілген ауқымды өзге­ріс­­термен қатар, құқықтық ре­фор­малар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Осыған орай, Әділет ми­нистрлігі тарапынан басқа мем­­­­­лекеттік органдардың, ­үкі­мет­тік емес ұйымдардың, сарап­­шы­­лар­дың, ғалымдардың қаты­суы­­мен жаңа редакциядағы «Әкім­­­шілік рәсімдер туралы», «Арби­траж ту­ралы», «Әкімшілік құқық бұзу­шы­лық кодексіне» өзге­рістер ен­гі­зу туралы» заң жоба­ларын әзірледі.

Осы заң жобалары мем­лекет­тік реттеуді азайту бағы­тында жүр­гі­зілген елеулі реформалар болып танылады.

Азаматтық хал актілерін тір­кеу мәселелері бойынша: «Аза­­мат­тарға арналған үкімет» мем­ле­кеттік корпорациясы «Ұлт­­тық ақпараттық технологиялар» АҚ бірге бала туған ата-аналарға көрсетілетін қызмет­тердің проак­тивті әдісі бойынша пилот­тық жобаны іске қосты.

Енді ақпараттық жүйелердің бірігуінің арқасында жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады.

Бала өмірге келісімен оның ата-анасына SMS-хабарлама ар­қылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

Бүгінгі күні SMS-хабарлама арқылы 102 анаға жаңа туған нәрестесінің тууы туралы мемлекеттік қызметі көрсетілді. 

Өткен жылы мұрағат құ­жат­­­тарының электрондық жүйе­­сін қалыптастыру мақ­са­­­­тында азаматтық хал акті­лерін тіркеу мұрағатында сақ­тауда тұрған 1937-2008 жыл­дар аралығындағы 3214 кітаптың 964 117 акт жазбалары сканерленіп, электрондық мұрағаты қалыптастырылды.

Тіркеу құжаттары бойын­ша электронды мұрағат жүйе­­сі­нің қалыптасуы да аза­мат­тар­дың уақытын үнемдеп және көр­­сетілетін мемлекеттік қыз­мет­тердің сапасын көтерері сөзсіз.

Атқарушылық іс ­жүр­гі­зуі ақ­­параттық жүйе де мем­­­­­­­­ле­­­­кет­тік органдардың бір­­­­не­­­­ше қыз­меттерімен инте­гра­ция­­­­­ланған. Бұл сот орын­дау­шы­ларға атқарушылық құжат­тарды элек­трондық форматта алуға, борышкерлердің мүліктік жағ­да­йын және қамтамасыз ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Әділет органдарының қыз­меткерлері Жолдауда көрсе­тілген бастамалар мен жоспарларды, одан туындайтын міндеттерді ой­­да­­ғыдай жүзеге асыруда жеке және заңды тұлғаларға құқықтық көмек көрсетудің пәрменін  ­арт­тыра түсетіндігін нық сеніммен айта аламын.

Қ.САПАРОВ,

облыстық 

әділет департаментінің  басшысы,

ҚР «Заңгерлер Одағы»  

облыстық филиалының төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<