Елімді еңбегіммен көркейтемін

449

0

  Елордада Елбасының қатысуымен өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты форумнан алған әсерім керемет. Сырбойылық жастардың бірі ретінде осы тарихи сәтке куә болғаныма өзімді бақытты санаймын.
Форумда Елбасының айтқан әрбір сөзі, жастарға берген бағыт-бағдары бізді қанаттандырды, жігерлендіре түсті. Елбасы айтқандай, еңбек ету үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Адамға табиғаттан берілетін таланттың 99 проценті еңбекпен келетінін атап айтты.
Мен Аралдың Жаңақұрылыс ауылынанмын. «Қожақұл ата» шаруа қожалығының төрағасымын. Жасым 22-де. Мамандығым – экономист. Оқу бітірген соң кәсіпкерлікпен айналысуды жөн көрдім. Атакәсіпті жал­ғастырғым келді.  Мен басқаратын «Қожақұл ата» шаруа қожалығы егін және мал шаруашылығын қатар алып келеді. Алдағы уақытта балық шаруашылығын дамыту да ойда бар.
Ел болашағы – біздер, елді гүлдендіруге еңбек етуіміз қажет. Барлық замандастарымды елімізді көркейтуге шақырамын!

Елнұр ЕЛШЕКЕНОВ,
делегация мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<