Футзал: Әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы жеңісіне жетті

579

0

Литвада футзалдан әлем чемпионатының финалдық сатысы басталды.

Қазақстандықтар алғашқы ойынын бүгін, 12 қыркүйекте Коста-Рикаға қарсы өткізді. Бұл кездесуде қазақстандық футзалшылар сенімді ойын көрсетті.

Құрама сапынан алдымен Шыңғыс Есенаманов 10, Дәурен Тұрсағұлов 11-минуттарда есеп ашқан еді. Одан кейін коста-рикалық құрама бір голмен есеп айырмасын қысқартты. Ал қазақстандықтар қатарынан Дуглас Жуниор 14, Тайнан 17-минуттарда есеп айырмасын арттырды.

Екінші кезеңде Біржан Оразов пен Тайнан 27-минутта екі мәрте қақпаны дәл көздеп, жеңіске жақындай түсті.

Осылайша Қазақстан қарсыласын 6:1 есебімен жеңді.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Литва, Венесуэла, Коста-Рика.

Енді Қазақстан құрамасы 15 қыркүйекте Литвамен ойнаса, 18 қыркүйекте Венесуэламен шеберлік байқасады.

Топтық кезең ойындары 12-20 қыркүйек аралығында болады. Ал 1/8 финал 22-24 қыркүйекте өткізілсе, ширек финал 26-27, жартылай финал 29-30 қыркүйекте ойналады. Финал мен 3-орын үшін сайыс 3 қазанға белгіленген.

Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<