Футзалдан Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін

773

0

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін, деп хабарлайды Kazfootball.kz.


EURO-2022 турнирінің финалдық кезеңі 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам мен Гронинген қалаларында өтуі тиіс.


Бірақ Еуропада коронавирустық инфекцияның өршуіне байланысты турнир кейінге шегерілуі мүмкін. Бұл жағдай бойынша УЕФА 18 желтоқсан күні нақты шешім қабылдайтын болады.


Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы Еуропа чемпионатында Италия, Словения және Финляндиямен бір топта ойын көрсетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<