ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА

343

0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов мен Мұрат Бахтиярұлы Елбасының ағымдағы жылдың 10 қаңтар күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және 5 наурыз күні «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін насихаттау үшін Жалағаш ауданына арнайы іс-сапармен келді.
Ең алдымен орталық аурухананың хал-жағдайымен танысқан халық қалаулылары, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Жиынға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев модераторлық жасап, Елбасы Жолдауы мен Үндеуі ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар екендігіне тоқталып өтті.
Мәжіліске аудан активі, депутаттар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар, аудандық мекеме басшылары қатысты.
Жиын соңындаөңір басшысы, жиынға қатысушылар ауданымызға арнайы келген депутаттарға алғысын айтып,ұсыныс-пікірлерін білдірсе, өз кезегінде халық қалаулылары Жалағаш ауданындағы келелі, ауқымды істер одан әрі өз жалғасын табуына тілек-ниеттерін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<