Халыққа қызмет көрсету орталығы Наурыз мерекесін атап өтті

652

0

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Наурыз мерекесін атап өтті. Халыққа қызмет көрсету орталығының №1 бөлімінде мерекелік шара ұйымдастырылып, қызмет алушылар наурыз көжеден дәм татты. Сондай-ақ осы бөлімде филиал директоры Айнұр Тобаева мен жиын қонағы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов қос сәбидің тұсауын кесіп, бүлдіршіндердің алғашқы қадамына сәттілік тіледі.

– Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекеге айналды. Әз-Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиетін біз барлық отандастардың бойына дарытуға, оны өз өміріміздің салтына айналдыруға міндеттіміз. Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтай отырып, Елімізге тыныштық, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Ақ мол, жыл ырысты болсын! – деді филиалы директоры Айнұр Тобаева.


Наурыз тойы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында жалғасын тапты. Ғимарат алдында тігілген киіз үйде мерекеге арнайы шақыртылған қонақтар мен ардагерлерге арналған ақ дастархан жайылды. Меймандар наурыз көже ішіп, дәстүрлі қазақ әндерін тыңдап, құлақ құрышын қандырды. Мұнда ұлттық дәстүр бойынша баланың тұсауы кесіліп, меймандар балақайға ақ батасын берді. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған шара өзге де бөлімдерде де аталып өтілді.

Әлібек ЖАПБАСБАЕВ,


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша филиалының маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<