«Мәдениет-думан» кеші

514

0

Жуырда Жаңақорған ауданы әкімдігі мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның мәдениет саласында қырық жылға таяу еңбек еткен мәдениет майталманы Мәдениет Тотаевтың шығармашылығына арналған «Мәдениет-думан» кеші жоғары дәрежеде өткізілді. 

Кеш барысында Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Айтпенбетов аудан әкімінің Алғыс хатын оқып, құттықтауын жеткізіп,  сый –сияпат жасады. Сондай-ақ, белгілі айтыс ақыны Әбілқайыр Сыздықов арнау өлеңін оқыса, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Аякөз Айдосова да ұжым атынан құтықтауымен бірге марапатын тапсырды. Түркістан қаласынан арнайы келген өнер кеші кейіпкерінің замандас аға-інілері Бақыт Мұхаммеджанов, Әбдіхалық Абдуллаев, сазгер-әнші Сауран Елеуовтер өз шашуларын шашса. Жазушы-сатирик Нұрмахан Елтай құттықтау сөз сөйледі.  

Кештің аты айтып тұрғанындай, бұл күні аудандық мәдениет үйінің іші думанға толы болды. Белгілі сахна саңлағы Дінмұхаммед Әбжаппаров кешті қызықты жүргізсе, аудан өнерпаздары автордың интермедья, скетчтерін әсерлі орындады.  Әсіресе, «Бастаңғы», Шабандоз», «Арулармен жүздесу» атты өнер қойылымдары көпшілікті күлкіге қарқ қылды. Автордың бірнеше әуендері де орындалды. Шара барысында облысымыздың әр ауданынан келген мәдениет үйлерінің басшылары мен аудан ардагерлері, өнерпаздың қатарластары мен әріптестері, туған-туыстары да жүрекжарды тілектерін ортаға салды. Соңынан Мәдениет Тотаевтың зейнетке шығу рәсіміне арналып, «Аяна» мейрамханасында қонақтарға арналып, ақ дастархан жайылды.

Н.Назымханұлы,

Жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<