«Несие алып беремін»: Қызылорда тұрғыны алаяққа алданып қалды

799

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне алаяқтың құрбаны болған қала тұрғыны арызданды.


Оның айтуынша, белгісіз біреу «үлкен көлемде несие алып беремін» деп сеніміне кіріп, 600 мың теңге ақшасын жымқырған. Осы күнге дейін аталмыш адам уәде етілген несиені де ақшаны да қайтармаған.


Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды.


Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<