Облыс бойынша барлығы 1475 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

515

0

Қызылорда облысы көлемінде «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Облыс орталығында 396 жалдамалы пәтер тексерілді.


Облыс бойынша барлығы 1475 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


Мәселен, ұсақ бұзақылықтың -162 дерегі тіркелсе, қоғамдық орында масаң күйде болудың-136 дерегі, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбаудың -2 дерегі, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауының 6 дерегі анықталды.


Сонымен қатар, спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру тәртібін бұзудың 170 дерегі, Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрудың-173 дерегі, құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік органның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау бойынша 1 дерек анықталып, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<