Облысқа 20 ақпаннан бастап ветеринарлық препараттар жеткізіледі

701

0

Биыл аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруға қарсы республикалық бюджет есебінен 6345200 доза ветеринариялық препараттар алынбақ.


Қазіргі таңда облыстың 2022 жылға арналған жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

Ветеринариялық препараттар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 20 ақпаннан бастап облыстарға бөлінетін болады.

– 6 түрлі энзоотиялық ауруларға (МІҚ тейлериоз, пироплазмоз, уақ малдың фасциолез, жылқының сақау, гастрофилез, түйенің трипаносомоз) қажетті препараттар алуға облыстық бюджеттен 248 млн. теңге бөлінді. Бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Үстіміздегі жылға бірдейлендіруге қажетті 85,5 мың дана ірі қара, 258,9 мың дана уақ мал, 9,4 мың дана түйе құлақ жапсырмаларына ҚР АШМ-не тапсырыс берілді, – деді Ш.Қойшыбаев.


Дегенмен дерек қор базасына әліде жаңарту жұмыстары жүргізілуіне байланысты тоқтап тұр. Алдын ала дерек бойынша облыста бірдейлендіру жүргізілмеген 19565 бас МІҚ, 8305 бас уақ мал, 1426 бас түйе, 7119 бас жылқы нақтыланды.


Айта кету керек, өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<