Өртенген үйден ер азаматтың мәйіті табылды

530

0

Облыс орталығындағы тұрғын үйде өрт шығып жатқандығы жөнінде хабарлама 112 құтқару қызметіне келіп түсті.

Аталған шақырту бойынша оқиға орнына алғашқы жеткен өрт сөндіру бөлімінің барлау жұмыстары нәтижесінде тұрғын үйдің төбе жабыны толық жанып жатқандығы анықталды.


Өрт сөндірушілер арнайы газ түтінінен қорғау буынына қосылып, өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың денесін алып шықты.

Жалынды ауыздықтауға Өрт сөндіру қызметінен 38 қызметкер, 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<