Он жастағы жазушының кітабы жарық көрді

170

0

Қызылордалық жас жазушы Алтынай Беріктің ертегілер топтамасы 1000 дана тиражбен оқырманға жол тартты. Кітаптың тұсаукесер рәсімі өңірлік коммуникациялар қызметінде өтті. 

Алтынай Қызылорда қаласындағы №267 мектептің 6 сыныбында оқиды. Жеті жасынан бастап сурет салу өнеріне бейім болған. Қазіргі таңда 40-қа жуық өлең, әңгіме, ертегісі бар. 2014 жылдан бастап шығармалары республикалық, жергілікті басылымдарда жарияланып келеді.

2014 жылы Елбасын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап жазған хатына сәйкес ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабына ие болды. 2016 жылы Президент Алтынайдың шығармашылық талпынысына сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірген хатын жолдады. Сондай-ақ Елбасының ізгі тілегі жазылып, қолтаңбасы қойылған «Еуразия жүрегінде» кітабын сыйлыққа алды. Бірнеше байқау жүлдегері.

Жас жазушының «Ертегілер» кітабы облыс әкімінің қолдауымен жарық көріп отыр.