«Қайсар» тағы екі футболшыны қатарына қосты

671

0

«Қайсар» командасының құрамы тағы екі футболшымен толықты. Ресейлік қақпашы Артем Леонов пен қазақстандық қорғаушы Бекзат Шадманов биыл қызылордалық клубта доп тебеді.


Қазақстан құрамасына үміткер ойыншы Бекзат Шадманов 2017 жылдан бері «Тараз» құрамында ел біріншілігіне қатысып келді. 23 жастағы қорғаушы Қазақстан жастар құрамасына үздіксіз шақыртылса, 2019 жылы ұлттық құрама сапында тұсаукесер ойын өткізген. Өткен маусымда Бекзат «Тараз» сапында 12 мәрте негізгі құрамда шығып, клубтың жеңісіне үлес қосқан.


«Қайсар» жиын соңында қақпашы Артем Леоновпен келісімге келді. Енді жаңа маусымда қақпашылар арасында бәсекелес артпақ. Артем өткен маусымда беларустік «Минск» командасының негізгі қақпашысы болған. Одан бөлек «Краснодар», «Мордовия», «Уфа», «Крылья Советов», СКА (Хабаровск) секілді командалардың намысын қорғаған. Айта кетейік, Артем «Тюменьмен» өткен кездесуде 11 метрлік айып добын қайтарып, қақпасын құрғақ сақтап қалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<