Қайырымдылық қорының көмегі Аралға жеткізілді

485

0

Биылғы өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына орай белгілі қоғам қайраткері, меценат Болат Өтемұратов қорынан бөлінген қаржы есебінен тұрғындарға мал азығынан қолдау шаралары жалғасуда.


Аталған қор есебінің кезекті легімен алынған 72 тонна бидай кебегі ауданға жеткізілді. Бидай кебегі Сексеуіл кенті мен Ақирек, Бөген ауылдық округтеріндегі тұрмысы төмен мал ұстап отырған отбасыларға жергілікті жердегі қоғамдастық кеңесінің шешімімен таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<