Қазалыда су мәселесі талқыланды

708

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте қазіргі таңдағы ең өзекті – ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды.


Басқосуға аудандағы егін егумен айналысатын шаруашылықтар мен салалық мекеме басшылары қатысты.
Аудан басшысы биылғы жылы да Сырдария өзені бассейндегі су шаруашылығы жағдайы өте күрделі екендігін және ол туралы бұған дейін бірнеше рет республикалық деңгейінде және облыс әкімдіктері өткізген мәжілістерде көтеріліп жүргендігін атап өтті.


Бұл өз кезегінде, күріш егісін суармалы сумен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызатынын және барша егінші қауым үшін үлкен алаңдатарлық жағдай екеніне тоқталды. Осы мәселелердің алдын алып, тиісті шаралар қабылдау өте маңызды екендігін жеткізді.

Мәжілісте алдымен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлан Аманбай 2022 жылға жоспарланған егіс көлемі туралы және шаруашылықтардың көктемгі егіске дайындығы туралы баяндап өтті.
Сондай-ақ бөлім басшысы, су шаруашылығы жағдайының күрделі екендігін алға тарты отырып, күріш егісі көлемін қайта қарап, барлық су жолдарын тазалап, су тоспалары мен насостарға сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізіп, агротехникалық талаптарды қатаң сақтай отырып, атыздардың тегістігіне ерекше мән беруді, каналдардың мүмкіндігіне қарай танаптарға кезектестіріп су алу және ретсіз қашыртқыға су тастамау туралы баса айтып өтті. Сондай-ақ, күріш егісін барынша суға тілек жерлерге орналастырып, қажет болған жағдайда насос орнатуға да толық дайындықта болуды ескертті.


Сондай-ақ, мәжіліске қатысып отырған шаруашылық басшылары да өз ұсыныс-пікірлері мен проблемалық мәселелерін ортаға салып, жоғарғы орындарға жеткізулерін сұрады.


Басқосу соңында Мұхтар Әуесұлы егіс науқанын оңтайлы мерзім ішінде өткізу үшін әлі де барлық тиісті дайындықты пысықтап, әр күнді ұтымды пайдалану қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарын жоғарғы деңгейде ұйымдастыруды салаға жетекшілік жасайтын аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков пен тиісті мекеме басшыларына тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<