Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

862

0

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сүйенсек, алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оның артынан республиканың батысына қарай солтүстік-батыс циклон ығысады, оның әсерінен: 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батыста, 21 ақпанда елдің солтүстігінде қар, екпінді жел және көктайғақ болады.

«Еліміздің бүкіл аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтіледі. Термометр бағандары: батыста түнде -5…+5 градусқа дейін, күндіз +2…+13 градусқа дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5…-16 градусқа дейін, күндіз -8…+ 2 градусқа дейін, орталықта, шығыста түнде -8…-17 градус, күндіз -1…-10 градус, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5…+5, күндіз + 5…+13 градусқа дейін», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<