ҚАЖ қызметкерлері Наурыз мерекесі тойлады

670

0

Ұлыстың Ұлы мерекесі – Наурыз мейрамы Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде аталып өтті.


Шараны Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев ашып, Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтап, мерекенің мән-маңызына тоқталып өтті.


«Тарихи тамыры тереңде жатқан Наурыз-көктем мен жаңғыру күні. Кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің мерекесі.Самарқанның көк тасы жібитін осынау қасиетті күні адамдар бір-біріне деген өкпе- реніштерін кешіріп,тек жылылыққа толы тілектер айтатын мереке. Наурыз мейрамы отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, молшылық пен береке әкелсін»,- деп тілегін жеткізді Шаймерден Тәжіқұлұлы.


Мерекелік шарада тоқшылықтың басы, береке бастауы-жеті түрлі дәмнен жасалған Наурыз көже таратылып, қазақтың ұлттық салт – дәстүрінен, ән-күйін мерекелік шашу шашылды. Одан соң Департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев және мекеме басшылары «Бір тал кессең- он тал ек» деген парасатты бабаларымыздың өнегелі жолын ұстанып, мекеме аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, қаламыздың көркеюіне үлес қосу әрбір азамттың борышы екендігін көрсетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<