Қызылорда облысында айдалада қалып қойған 19 адам құтқарылды

485

0

Қызылорда облысында түн ішінде көлікпен айдалада қалып қойған 19 адам құтқарылды.


Оқиға бүгін, 22 қаңтарда түнгі сағат 4.00 шамасында болған. Түркістан облысының Жетісай қаласынан Қызылорда облысының Қармақшы ауданына бет алған «Mercedes-Benz Sprinter» автокөлігі негізгі бағытынан адасып, ауа райының қолайсыздығынан басқа жолға түсіп кеткен.


«Автокөліктің аккумуляторы бұзылып, жолаушылар айдалада қалып қойған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар саласы және №14 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер барды. Автокөлікті жөндеп, жолаушыларды негізгі жолға бағыттап жіберді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<