Қызылорда облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

550

0

Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тас жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада 1240-2057 шақырым аралығында барлық көлік қозғалысына шектеу қойылатыны айтылған. Бұл Ақтөбе облысынан Түркістан облысына дейінгі аралықты қамтиды.

«Қызылорда облысында күн бұзылғаны байқалды. Ауа температурасы төмендеді. Қар жауып, көктайғақ болуда», – деп жазылған хабарламада. Департамент мамандары азаматтардан жол жүргенде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<