Қызылордада екі браконьерден 641 дана киік мүйізі алынды

843

0

2022 жылғы 15 наурызда ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты ұстады.

Бұл Мемлекет басшысының браконьерлікке қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілді.

Процессуалдық іс-қимылдар барысында олардан жалпы салмағы 160 келі болатын 641 дана киік мүйізі алынды.

Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша қылмыстық әрекеттен мемлекетке залал 1,5 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Күдіктілерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<