Қызылордада көлік сатамын деп көпті алдаған адам қолға түсті

507

0

1 ақпанда Қызылорда қаласының басқармасына қала тұрғыны арызданды. Желіге жалған хабарландыру жүктеп сатып алушылардан алдын-ала ақша талап еткен белгісіз адамға қатысты шаралар қолдануын сұраған.

Ер адам бөгде кісінің аккаунтымен көлік сату туралы жарнаманы «Колеса.KZ» сайты арқылы жариялаған. Сатып алушыларды төмен бағамен қызықтырып, алдын-ала төлемнің бір бөлігін шотқа аударуға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушінің телефон номерін қара тізімге кіргізіп сенгіш адамдарды алдауын жалғыстырған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алаяқтың ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<