Қызылордада мәйіті табылған қарияны іздеу шаралары қалай жүргізілді

773

0

Қызылорда қаласында бір айға жуық уақыт бұрын жоғалып, екі күн бұрын мәйіті табылған 72 жастағы қарияны іздестіруге байланысты істің мән-жайы белгілі болды.


Еске салсақ, Қызылорда қаласында тұратын қария 19 ақпанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.


Қарияның денесі 17 наурыз күні сағат 10:40 шамасында қаладан бірнеше шақырым жердегі далалық аймақтағы шеңгел арасынан табылған.


«Іздестіру жұмыстарына қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері, Ұлттық ұлан сарбаздары, Төтенше жағдайлар департаменті, жүздеген еріктілер тобы және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздеуге арнайы техника қатыстырылды. Мекемелердін бейне-бақылау камералары тексерілді. Жеке құрам қызметкерлері үздіксіз іздестіру жұмысын жүргізді», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.


Сондай-ақ, осы мақсатта «Қызылорда-Жезказған» тас жолының 187 шақырымға дейінгі орналасқан асханаларға фото суреті ілінді. Бұл мақсатта сұрастыру жұмыстары жүргізілді.


Іздестіру барысында «Казавияспас» мекемесінің МИ-8 тікұшағы әуеден іздеу жүргізді., Қалалық полиция басқармасынан 3 полицей жоғалған азаматшаның туысқандарымен бірге іздеу жүргізді. «Мұндай іс-шаралар Қызылорда қаласының шеткі бөлігі, жалпы аумағы 120 шақырымға дейінгі аумақты қамтыды. Нәтижесінде 17 наурызда сағат 10:40 шамасында қаладан бірнеше шақырым жердегі шеңгел арасынан жоғалған азаматшаның денесі табылды. Денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгісі жоқ. Сараптамалар тағайындалды», – деді Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<