Қызылордада велоспорттан республикалық турнир өтеді

463

0

Бүгін, 2 сәуір күні велоспорттан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР спорт шебері Жетес Сүлейменовтің жүлдесіне арналған республикалық көпкүндік жарыс басталады.


Биылғы жылы алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және еліміздің он облысынан 15-16 жас аралығында 150-дей велошабандоз төрт кезең бойынша бағын сынайды.
Төрт күнге созылатын жарыстың алғашқы күні 15 шақырымдық жекелей жарыстан басталса, одан кейін 40, 50, 60, 80 шақырымдық топтық және 30, 50 шақырымдық айналма-топтық сайыстармен жалғасады.


Жарыстың салтанатты ашылуына құрметті қонақ ретінде велоспорттан тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиев пен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жетес Сүлейменов қатысады.
Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Айта кетейік, жарысқа қатысушылар ертең сағат 11.00-де Тәуелсіздік даңғылы арқылы әуежай, Қызылорда-Шымкент трассасы бойымен өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<