Қызылордаға гуманитарлық көмек жеткізілді

1090

0

Бүгін облыс орталығына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ресей Федерациясының бірлесіп жіберген гуманитарлық көмегі жеткізілді. Оның ішінде қорғаныс киімдері, бетперде мен қолғаптар және коронавир таблеткасы бар.

– Гуманитарлық көмекті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен облыс әкімдігі, еріктілер болып қабылдап алып жатырмыз. Ашық түрде бұқаралық ақпарат құралдарының көзінше қабылданады. Бұл – үшінші гуманитарлық көмек. Медициналық емдеу мекемелеріне үлестіріледі. Ал еріктілер бірге барып, тапсырады әрі құжатқа «тегін» деген белгісімен мөр басып кетеді, – дейді «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Чебакова.

Айта кетейік, бүгін жеткізілген көмекке 2 600 дана қорғаныс киімі, 21 750 дана медициналық бетперде, 230 қорап коронавир таблеткасы бар. Сонымен қатар, 25 мың дана бетке арналған пластик қорғаныс, 3 600 дана көзілдірікке қолданатын қорғаныс құралы, 6 700 дана медициналық халат, 18 мың дана хирургиялық бетперде, 51 мың дана респираторлы бетперде індетпен күреске көмек үшін жіберілді.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<