Құрбан айт мүбәрак болсын!

337

0

Қадірменді оқырман! Жыл айналып жеткен Құрбан айт мейрамымен Сіздерді және жақындарыңызды шын жүрегіммен құттықтаймын. Исламдағы ең ұлық мерекенің бірі ол – Құрбан айт мейрамы. Жақсы амалмен Аллаға «жақындау» дегенді білдіретін «Құрбан айт» мейрамы әрбір мұсылман баласын сауап істер жасауға үн қатады.
Құрбан айт күндері – мүмкіншілігі жеткен кісі құрбан малын шалып, мұң-мұқтаждың, жоқ-жітіктің халіне жәрдемдесіп қана қоймай, Алланың разылығына да жақындай түседі. Құранда Алла тағала: «Намаз оқы және құрбан шал», («Кәусар» сүресі, 2-аят) – деп бұйырса, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құрбан шалыңдар! Өйткені ол Ибраһим бабаларыңның сүннеті», – деп құрбан шалудың сауапты амал екендігін атап айтқан.
Құрбан шалу – көптеген пайдалары бар құлшылық. Алланың берген сансыз нығметтері үшін шүкіршілік етіп, күнәларының кешірілуін тілеп, тақуалық жолға үндейтін де ғибадат. Сонымен қатар, мұсылман баласы құрбан шалу арқылы қоғамда бауырмалдық, бір-біріне жәрдемдесу, туыстық қарым-қатынас сынды адами құндылықтардың да үлгісін көрсете түседі.
Құрметті ағайын, мұсылман бауырлар! Құрбан айтымыз берекелі-мерекелі болып, шалған құрбандықтарыңыз бен ниет-дұғаларыңыз қабыл болсын! Құрбандықтың әрбір қылындай сауаптар мен жақсылықтарды Алла нәсіп етсін!
Болатбек қажы Ұласқанұлы
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі,
«Ақмешіт Сырдария» орталық мешітінің Бас имамы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<