Сенат депутаттары Қазалыда болды

448

0

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Б.Еламанов пен М.Бақтиярұлы жұмыс сапарымен арнайы келіп, Қазалы ауданының тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірде атқарылған жұмыстарды саралап, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуын қадағалау мақсатында келген Сенат депутаттары бірқатар нысандарды аралады.
Аудан әкімі М.Ергешбаев оларға алдымен Әйтеке би кентіндегі жаңадан салынған №276 орта мектептің оқу жылына дайындығын көрсетті. Одан соң депутаттар Ақтан батыр ауылында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен кездесіп, жұмыс сапарларын қортындылаған Сенат депутаттары Б.Еламанов пен М.Бақтиярұлы ауданның даму жолындағы жұмыстарына сәттілік тілеп, оң баға берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<