ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

359

0

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ Аймақтық «Рухани жаңғыру» орта­­лығының ұйымдастыруымен «Қазақс­тандағы 100 жаңа есім» жоба­сының жеңімпазы, ауыл шаруа­шылығы ғылымдарының док­торы, Қазақ күріш өсіру ғылы­ми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Александр Николаевич Подольских «Күріш өсірудің заманауи технологиясы» тақырыбында тест-драйв форма­тында шеберлік сағатын өткізді. 

Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» серіктестігінің егіс алқабында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, кәсіпкерлер мен зерттеуші ғалымдар қатысты.

Ғалым А.Подольских күріш өсі­рудегі тың тәжірибесімен бөлісті.

– Қазіргі таңда күріш егу науқаны басталды. Диқандар сапалы əрі мол өнім алудың жолын іздеуде. Сәуір-мамыр айларында егістік жұмыстары жүргізілген сәтте күріш күн көзін көп талап етеді, гүлденген кезде керісінше, жаңбырлы күндерді ұнатады. Біздің ауа райы күндіз өте ыстық, ал, түнде тым салқын болғандықтан, күріш ерекше бапты талап етеді, – деді А.Подольских

«Сыр сұлуы» сортының авторы, селек­ционер-ғалым Сəуле Байбосынова да өз тəжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, күріштің жаңа сорт­тарын шығару, ауыл шаруашылығы  дақылдарын экологиялық жоғары дең­гейін сақтай отырып, өндіру мен күрішті баптаудың инновациялық әдістері ше­берлік саға­тының арқауына айналды.

Тест-драйв нәтижесінде ауыл шаруа­шылығы мамандары «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы А.Подольскихтің ғылыми жетістіктерін жүзе­­ге асырып, егін егу тәжіри­бесінде пайда­ла­натын болады.

 

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<