
Осы ретте, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының қойылым бөлімінің меңгерушісі, суретші Темірбек Сағымбаевтың тың дүниелерін атап өтпеу мүмкін емес. Темірбек Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі. Т.Сағымбаев театр репертуарына енген бірнеше қойылымдардың декорацияларын дайындады. Атап айтар болсақ, Ж.Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы», Д.Исабековтің «Ескі үйдегі екі кездесу», М.Сәрсекенің «Тендрге түскен келіншек», Б.Әлімжановтің «Ең сұлуым – Меңсұлу», Б.Айдарбековтің «Қара мең», С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», Ә.Тауасровтың «Махаббат аралы», Қ.Жүнісовтің «Ғашықтар хикаясы» және балаларға арналған «Рахмет, үлкен рахмет», «Алтын ноқта, «Күлшеқыз» және «Ойыншықтар» қойылымдардың декорациялық эскиздері мен костюм эскиздерінің, сонымен қатар, театрдың «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының Ж.Қожаберген, К.Жанмұратованың «Ит пен мысық, тышқан дос», М.Дәуренбекованың «Тосын сый», Ж.Қожаберген, К.Жанмұратованың «Ақылды бұзау», «Аладдиннің сиқырлы шамы» балалар қойылымдарының суретшісі. Жыл сайын жаңа жыл мерекесінде театр сахнасында өтетін жаңа жылдық балалар ертеңгілігінің де сахналық декорациялары мен костюм үлгілерін жасап келеді.Облыстық деңгейде өткен бірнеше шығармашылық кештер мен атаулы мерекелердің сахналық декорацияларын даярлап жүрген қылқалам шебері.
Балтай ЫДЫРЫСОВА,
театрдың бөлім меңгерушісі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<