«Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабы құрылды

535

0

Бүгінде облысымызда 100-ге жуық волонтерлік ұйым бар. Олардың міндеті мен бағыттары әр түрлі. Волонтерлік ұйымдардың басын біріктіріп, жұмыс бағытын бір арнаға тоғыстыру бағытында Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабының ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараға облысымыздың белсенді жастары, волонтерлік ұйым жетекшілері, қоғам белсенділері қатысып, ұйымның мақсат-міндеттерімен танысып, алдағы жоспарларын айқындады.


Жиын барысында облыстық еріктілер штабы жасақталып, құрамы бекітілді, штаб жетекшісі сайланды. Сонымен қатар, штаб мүшелерінің ұсыныстары тыңдалды.


«Сыр жастары» облыстық волонтерлік штабына арнайы жасақталған офис ашылып, штаб мүшелеріне таныстырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<