Сырдария және Жалағаш аудандарына АГТС құрылысы жүргізілуде

390

0

Қазіргі таңда, облыстың қалған  3 аудан орталығын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
2018 жылы  Жосалы кентіне АГТС (автоматтандырылған газ тарату станциясы) құрылысын жүргізу үшін, республикалық бюджеттен 892 млн.теңге, облыстық бюджеттен 99 млн.теңге қаржы бөлініп, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары үстіміздегі жылдың 18 мамырында аяқталды.
Сонымен қатар, Сырдария және Жалағаш аудандарына АГТС құрылысының жобасына республикалық және облыстық бюджеттер есебінен 2018 жылы 1,2 млрд. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, 30 шақырым газ құбыры жүргізілді.
Облыстық бюджет есебінен 135 млн.теңгені құрайтын «Тереңөзек АГРС-тен Жалағаш ГГРП-не дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры – бұрмасының  және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырларының және кварталішілік желілерінің құрылысы» жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.
Сондай-ақ, Махамбет және Наурыз елді мекендерін газдандыру жобасының жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 49,6 млн. теңге қаржы бөлінді.  
Сонымен қатар Қызылорда қаласының сол жағалауын газдандыру жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары  жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<