СЫРДАРИЯДА 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ ДАҚЫЛ ЕГІЛЕДІ

432

0

СЫРДАРИЯДА 30 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ ДАҚЫЛ ЕГІЛЕДІ Сыр салысын өсіріп, ел қамбасын алтын дәнге толтырудан жыл сайын жоғары нәтижеге қол жеткізіп келе жатқан Сырдария ауданының дала еңбеккерлері биыл да биік межеден көрінуді жоспарлап отыр. Аграрлы ауданның диқандарының жүйелі жұмыс жасаулары үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. 

Бүгінде аудан бойынша 2018 жылы егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілді. Бекітілген сызбаға сәйкес, үстіміздегі жылы 29926 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленіп отыр. Оның ішінде күріш 18500 гектарға, жаздық бидай 500 гектарға, жүгері сүрлем 200 гектарға, мақсары 300 гектарға, картоп 310 гектарға, көкөніс 189 гектарға, бақша 321 гектарға, жаңа жоңышқа 2906 гектарға және ескі жоңышқа 6700 гектарға егілмек.

Бірлігі бекем, тірлігі тындырымды ауданда қазіргі таңда егін егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 6700 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 2906 гектар жаңа жоңышқа, 200 гектар жаздық бидай, 100 гектар мақсары егілді. Ал, тұқым дайындау жұмыстарына келетін болсақ, үстіміздегі жылдың егісіне қажетті 5140 тонна күріш тұқымы, 406 тонна жаздық бидай, 43,1 тонна жоңышқа және 60 тонна арпа, 42,1 тонна сұлы тұқымдары дайындалды. Оның ішінде сорттары бойынша маржан 150 тонна, лидер 2804 тонна, янтарь 1105 тонна.
Жалпы, егіске қажетті минералдық тыңайтқыштардың көлемі 12714 тоннаны құрайды. Оның ішінде 5005 тонна сульфат амоний, 3896,5 тонна карбамид, 2332 тонна амофос минералдық тыңайтқыштарға сұраныс берілді. Қазіргі таңда шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 4963,5 тонна сульфат амоний, 1325 тонна карбамид, 3068 тонна аммофос минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз етілді. Көктемгі дала жұмыстарына қажетті арзандатылған дизель отынын жеткізіп беруші оператор «Нефть-Транс Қызылорда»ЖШС бекітіліп, 2550 тонна дизель отыны бөлінді. Наурыз, сәуір айларына 1150 тоннасы алынды. Көктемгі дала жұмыстарына қатысатын техникалардың дайындығы 100 пайыз, оның ішінде 398 трактор, 85 соқа, 44 тұқым сепкіш, 72 жүк көлігі қатысуда. Су жүйелерін тазарту жұмыстарына байланысты ішкі су жолдарын тазалау, су құрылыстарын жөндеу, су тартатын қоңдырғыларды жөндеу 100 пайызға орындалды. 2018 жылы дала еңбеккерлері жоғары көрсеткішке жететініне сенім мол. Берекел іске бейім ауданда егін егу саласында серпінді жұмыстар жалғасын таба беретін болады.

Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<