“Қазақстандағы 100 жаңа есім” жобасының жеңімпазы коучинг өткізді

365

0

 “Рухани жаңғыру” орталығының ұйымдастыруымен “Қазақстандағы 100 жаңа  есім” жобасының жеңімпазы, аудармашы, педагог-психолог Сымбат Әбдірахманованың қатысуымен “Табыс кілті – өз қолыңда” тақырыбында коучинг  болып өтті.

       Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында ұйымдастырылған шараның басты мақсаты – білімнің салтанат құруы, ұлттық бірегейлікті сақтау, сананың ашықтығы арқылы қаржы қажет етпейтін жобаларды жүзеге асыру және прагматизмді дамыту. Жиынды “Рухани жаңғыру” орталығының бөлім басшысы Гүлмира Әшірбекова ашып, С.Әбдірахманова жайлы видеоролик көрсетілді. Мұнан соң жоба жеңімпазы өз бастамасы жайлы айтып, тәжірибесімен бөлісті.

       – Бүгінгі коучингтің маңызы зор. Бұл балаларды уақытын тиімді пайдалануға, алдарына мақсат қоя білуге, ортамен байланыс орнатуға үйретеді, –дейді С.Әбдірахманова.

       Жиында оқушылардың есте сақтау қабілетін, өзін-өзі  дамытуға, прагматик болуға тәрбиелейтін топтық ойындар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, шарада “HACK DAY- 2017” фестивалінің қатысушысы Евгений Демиденко қатысып,  3D-4D анимациялық технологиясымен жасаған жобаларын таныстырды.

       Жалпы, өзара тәжірибе алмасу, тың идеялармен бөлісуге арналған коучингте Салтанат Әбдірахманованың “Туған жерге тағзым” атты жаңа туындысының тұсаукесері болды.

      

 
Фото

Гүлжанат ҚАДЫРБЕКОВА, 

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың 1-курс студенті.

Фото Нұрболат Нұржаубайдікі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<