ТАҢДАУЛЫ ҮЛГІЛЕРГЕ САЙ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ

229

0

Ұлт болашағының, келешек кемелдігінің кепілі саналатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ірі жобалар жүзеге асырылып, айтулы шаралар атқарылып келеді. Бұл жолғы «Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы негізінде қолға алынған жұмыстың алғашқы нәтижесінің жарыққа шығарылуы – тағы бір ауқымды істің жемісі.
Жалпы таралымы 47 миллионнан асатын философия, әлеуметтану, тіл білімі, антропология мен дінтану, журналистика, экономика мен кәсіпкерлік салаларын қамтыған әлемнің ең үздік 18 оқулығының түпнұсқадан тікелей қазақ тіліне аударылуы да бұл жұмыстың құндылығын арттыра түскендей. Осы тұста Елбасының  «Мына кітаптарды оқу үшін, алдымен, қазақтың тілін білу керек. Өз тілімізді білмесең, қалай оқисың?! Қазақтың тілін жетік білген адам мынаның бәрін түсініп оқиды. Мұның да мағынасы бар» деген сөзі маған ерекше әсер етті. Рухани жаңғырудың басты коды да сол – туған тілді білу, қадірлеу, ұрпаққа таза күйінде жеткізу.
Оқулықтардың қолжетімді, яғни кітап, электронды онлайн нұсқасы және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта тегін таратылуы жастардың дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілер негізінде білім алуына жасалған ерекше мүмкіндік, мемлекет қамқорлығы деп білемін.
Нағиша ЕСБОСЫН,
№10 «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі,
Қызылорда қаласы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<