Ташкентке Қызылордадан автобус қатынайды

270

0

Алдағы 3 ай ішінде Қызылорда қаласынан «Қызылорда-Ташкент» бағыты бойынша автобустар жолаушыларды тасымалдайтын болады, ол туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов баяндады.

«Бүгінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетімен аталған бағыттағы маршрутты таяу уақытта ашу көзделіп отыр. Ұйымдастыру мәселелерін шешуге шамасымен 3 ай уақыт қажет, одан кейін жаңа рейс жолаушыларға қызмет көрсете бастайды», – деп мәлімдеді Ержан Әбдіхалықов.

 Одан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,73 млрд.теңге бөлініп, 215,9 км жолдар жөндеуден өткізілген. Ал, биыл бұл бағыттағы инфрақұрылымды дамытуға барлығы 15,0 млрд. теңге бөлініп, 360 км жолдар желісі жөндеуден өтеді деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<