Тергеу изоляторларын медициналық қамтамасыз ету азаматтық секторға беріледі

633

0

Барлық адамдар ҚАЖ мекемелеріне жеткізілген кезде міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда дәрігерлердің ұсынымдары негізінде тиісті емдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, егер стационарлық емдеу қажет болса, қамауға алынғандар азаматтық емдеу мекемелеріне жіберіледі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев мәлімдеді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сотталғандарды және қамаудағыларды медициналық қамтамасыз ету кезең-кезеңімен азаматтық денсаулық сақтау органдарына беріледі.

«Тиісті заңға қол қойылды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 16 тергеу изоляторында және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалған 64 мекемеде медициналық қамтамасыз ету енгізілетін болады. Азаматтық ауруханаларда оларға заманауи зерттеу, диагностика және емдеу өткізіледі. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері енді мекеме әкімшілігіне бағынбайды, бұл тыйым салынған жұмыс істеу фактілеріне жол бермейді», – деп түсіндірді генерал.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<