Тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі ереже талаптары қандай?

540

0

 
Тұрмыста қолданылатын сұйытылған газ (баллондарда) аса қауіпті болып табылады. Газдың иісі шыққан кезде олар тұншықтырғыш газбен улануға алып келеді, ең қорқыныштысы жарылыс туындауы мүмкін.
Осы ретте, Сырдария ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі күнделікті өмірде тұрмыстағы газды пайдалану кезіндегі ереже талаптарын ескертеді.

  • Тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған арнайы пункттерде ғана баллондарға газды құюды жүзеге асыру;
  • Баллонды ауыстырар алдында жаңа немесе пайдаланылған баллондардың крандары жабық екеніне көз жеткізіңіз, ауыстырылғаннан кейін герметикалығын  тексеріңіз (сабын ерітіндісін жағу арқылы);
  • Баллонды газ плитасымен қосу үшін арнайы (кездейсоқ емес) иілгіш резеңке шлангты қауіпсіздік қысқыштары арқылы бекітілген ұзындығы метрден аспайтын етіп пайдаланыңыз. Оның созылуына немесе қысылуына жол бермеңіз;
  • Газ құралдарын қосу кезінде ретін сақтаңыз, алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газ беруді ашыңыз;
  • Тексерілмеген баллонды пайдалануға болмайды;
  • Газдың шығып кетуін болдырмау үшін тамақ дайындау барысында қайнаған сұйықтықтардың отқа төгілмеуін қадағалаңыз;
  • Газ плитасын және оның көздерін үнемі тазалаңыз.
  • Жұмыс аяқталғаннан кейін баллонның кранын жабуды ұмытпаңыз.
  • Үй-жайда газдың иісі пайда болған кезде газ беру кранын жабу, үй-жайды желдету үшін терезелер мен есіктерді дереу ашу, ашық отты пайдаланбау, электр және электр құралдарын қоспау, телефон сымын розеткадан шығару қажет.

Тыйым салынады:

  • Өз бетінше үйді газдандыруға, орнын ауыстыруға, кез-келген газ жабдығын жөндеуге;
  • Тиісті қызметтердің рұқсатынсыз, жабдықтың орналасқан жерін өзгерте отырып, үй-жайды қайта жоспарлауды жүргізуге;
  • Жабдық жарамсыз болған жағдайда газды пайдалануға;
  • Газ құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды балалардың пайдалануына рұқсат етуге;
  • Үй-жайларды жылыту үшін газ плиталарын пайдалануға;
  • Газ аспаптары орнатылған бөлмелерде ұйықтауға болмайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<