Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

685

0

Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Мира Қазбекова тағайындалды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
 Мира Жомартқызы 2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Филология» факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 жылғы тамызда «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» облыстық баспасөз клубының маманы болып бастаған.
2005 жылғы қыркүйектен 2006 жылғы қыркүйекке дейін «Қала әкімі аппаратының» жетекші маманы – баспасөз хатшысы, 2006 жылғы қыркүйектен 2007 жылғы сәуірге дейін Облыстық ішкі саясат департаментінің ақпараттық саясат және БАҚ-тар мониторингі бөлімінің жетекші маманы, 2007 жылғы сәуірден облыс әкімі аппаратының бас маманы – баспасөз хатшысы, 2007 жылғы қазаннан облыс әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бас маманы, 2008 жылғы шілдеден қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, 2008 жылғы қарашадан қала әкімінің баспасөз хатшысы-бас инспектор, 2009 жылғы ақпанда қала әкімі аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімінің бастығы, 2010 жылғы қарашадан қала әкімі орынбасарының көмекшісі – бас инспектор, 2011 жылғы шілдеден 2017 жылғы қыркүйекке дейін Қызылорда облыстық мәдениет, мұрағаттар мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.
2017 жылғы 8 қыркүйектен бастап «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымын атқарып келді.
Бұған дейін қала әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келген Алмасбек Есмаханов өз өтінішіне сәйкес және басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<