Қызылорда – ең әдемі үздік үш қаланың қатарында

410

0

Осыдан бірнеше күн бұрын NUR.KZ порталы оқырмандар арасында «Еліміздің ең әдемі қаласын» анықтау үшін сауалнама жүргізген болатын. Арада екі күн өткенде оның нәтижесі шығып, Қазақстанның ең әдемі қаласы Шымкент деп танылды.

Көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде рейтингте Шымкент көш бастады. Ал екінші орынға – Алматы, үшінші орынға – Қызылорда жайғасқан.

Киелі Түркістан өңірі – төртінші орынға табан тіреді.

Бесінші орынға – Ақтау, алтыншы орынға – Ақтөбе ие болған. Сондай-ақ үздік ондыққа Астана, Өскемен, Атырау мен Семейқалалары да енген. Ал ең аз дауыс жинағандардың қатарында: Тараз, Орал, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Қарағанды қалалары бар.

Қазақстанның ең көрікті қаласының соңғы сатысында – Павлодар шаһары тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<