Қызылорда облысының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

1666

0

 Қызылорда облысында 2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  және  Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауларында айқындалған дамудың негізгі стратегиялық бағыт­тарын жүзеге асыру жалғасын тапты.
Жаңа міндеттерге сәйкес Қызыл­орда облысында нақты іс-қимыл стратегиясы әзірленіп, басымдықтар айқындалды, сондай-ақ экономиканың барлық салаларының одан әрі дамуы үшін нақты шаралар әзірленді.
Осыған байланысты нақты шараларды жүзеге асыру үшін 2019 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.
Жоспарға экономиканың барлық салаларында маңызды деген 318 іс-шара енгізілді.
Іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту, баға өсімін болдырмау, экономиканы әртараптандыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде инфрақұрылымды дамыту болып айқындалды.
Жоспар аясында «Аймақта жастар жылын өткізу бойынша Кешенді іс-шаралар жоспары», «Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қосымша қолдау шараларын көрсету бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Облыс­тың әлеуметтік картасы», «Мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру бойынша Жол картасы» және тағы басқа да бірқатар құжаттар бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
Облыс басшылығының баста­масы­мен аймақтың даму қарқыны мен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын одан әрі арттыру мақса­тында Қауіпсіздік Кеңесінде Қызыл­орда облысының өзекті мәселелері талқыланды.
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы – Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың тап­сыр­масы бойынша облыс әкімдігі Қы­зыл­­орда облысының әлеуметтік-эко­но­­ми­калық дамуының 2019-2022 жыл­­дарға арналған Кешенді жоспарын әзірледі.
Нәтижесінде, Үкімет 12 бөлімнен және 119 іс-шарадан тұратын жалпы құны – 219 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 156,7 млрд теңге, жергілікті бюд­жеттен – 50,6 млрд теңге және 12,4 млрд теңге басқа көздерден болатын Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарын бекітті.
2019 жылы 60 іс-шараны жүзеге асы­ру үшін (оның ішінде: 6 іс-шара қар­­жыландыруды қажет етпейді) 34,0 млрд теңге қаржы қаралды (рес­пуб­ли­ка­лық бюджеттен – 13,9 млрд тең­ге, жер­гілікті бюджеттен – 14,6 млрд тең­ге, басқа көздерден – 5,5 млрд теңге).
Жалпы Кешенді жоспардың 51 іс-шарасын (оның ішінде: 6 іс-шара қаржыландыруды қажет етпейді) жүзеге асыруға барлық көздерден 24,5 млрд теңге бөлінді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік саласында – 6, көлікте – 1, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында – 9, экологияда – 6, әлеуметтік қорғауда – 1, спортта – 7, тұрғын үй құрылысында – 15 іс-шара.
Кәсіпкерлікті қолдаудың үшжыл­дығы аясында 2019 жылы тұрақты биз­несті қолдау үшін барлығы 1 млрд 150 млн теңге қаржы бөлінді. Суб­сидиялау шарты жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрайтын 139 жоба бойынша, сонымен бірге, кепілдік шарты 103 жоба бойынша жасалды.
2019 жылы көлік саласында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі 65 пайызға жетті.
Облыс орталығын үздіксіз жылу­мен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Қызылорда қаласының жылу-электр орталығын қайта жаң­ғырту және кеңейту бойынша қажетті құжат­тарды (техника-экономикалық негіз­деме) дайындау жұмыстары басталды.
Сонымен қатар “Қызылорда” су торабын қайта жаңғырту бойынша құжаттарды әзір­леу басталды (жобалық-сметалық құ­­жат­тама). Бұл жұмыстар аяқталған соң жобаны республикалық бюджеттен қар­жы­­ландыру мәселесі пысықталатын бо­лады.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қызылорда қаласында қоқыс сұрыптайтын кешеннің қатты тұр­мыстық қалдықтар полигоны іске қосылды. Кешен қалдықтарды қауіп­сіз көмуді қамтамасыз ету, қатты тұр­мыстық қалдықтарды кәдеге жарату дең­гейін арттыру үшін тұрмыстық қат­ты қалдықтарды жинау, тасымалдау, көму бойынша қызметтерді атқаратын болады.
Сапалы медициналық қызмет көр­сетуді жақсарту мақсатында Қызыл­орда қаласында 500 орынға арналған көп­салалы облыстық аурухана құры­лысы­ның құжаттамасын әзірлеу жұмыс­тары басталды (жобалық-сметалық құжаттама).
Спорт саласында Қармақшы ауда­ны­ның Ақай ауылында, Жосалы, Жа­лағаш, Шиелі, Тасбөгет кенттерінде дене­шы­нық­тыру-сауықтыру кешен­дері­нің құ­ры­­­лысы бойынша қажетті құжаттар әзір­­­леу басталды (жобалық-сметалық құжат­тама).
Кешенді жоспар аясында Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жа­ғалауында 590 пәтерлік 13 көпқабатты кре­­диттік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Жалпы 2019 жылы экономиканың барлық салаларында экономикалық өсудің оң қарқыны сақталды.
Қызылорда облысының бюджеті жыл ішінде 239,2 млрд теңгеден 304,6 млрд. теңгеге дейін артқан. Облыстың өз кірістері 41,8 млрд теңгеден 56,5 млрд. теңгеге дейін өсті.
Бюджет әлеуметтік бағыттылығын сақ­тап, бюджет қаражатының 60 пайызға жуығы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды. Осыған сәйкес, облыс жан басына шаққандағы әлеуметтік шы­ғыстар бойынша көшбасшы болып табылады.
Негізгі капиталға тартылған инвес­тициялар 17,4 пайызға, құрылыс жұ­мыс­тарының көлемі 54,3 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 8,8 пайызға артты.
Сондай-ақ,  ауыл шаруашылығы бо­йын­ша жалпы өнімнің көлемі  4,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп көлемі  1,3 пайызға, бөлшек сауда айналымының көлемі 1,5 пайызға артты.
17291 жұмыс орны құрылды, оның 12678-і тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыз деңгейінде сақталынды (республика – 4,8 пайыз).
Орташа айлық жалақы 13,8 пайыз­ға артты (2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде).
2019 жылдың желтоқсанында тұтыну бағалар индексі 2018 жылдың жел­тоқсанына қарағанда 105,4 пайызды құрады. Оның ішінде азық-түлік тауар­лары бойынша – 109,9 пайыз, азық-түлік емес тауарлары бойынша – 104,9 пайыз, ақылы қызметтер – 100,2 пайыз.
ЭКОНОМИКАНЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ
2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 862,9 млрд.теңгені құрап, 2018 жылдың деңгейінен 10,7% төмендеген. Бұл – жекелеген мұнай ұңғымаларының сарқылуына және сулануына орай мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты. 2019 жылы мұнай өндіру көлемі  5,6 млн. тоннаны құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 828,8 мың тоннаға төмендеген (нақты көлем индексі – 87,0 %).  
Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарында республикалық бюджеттен 11,0 млрд теңге бөле отырып, 3 перспективалы шөгінді бас­сейндерін (Сырдария, Шу-Сарысу, Оңтүстік Торғай) кешенді геологиялық зерттеу көзделуде.
Бүгінгі таңда республикалық бюд­жеттен 2020 жылға Шу-Сарысу шөгінді бассейнін зерттеуге 600 млн теңге қарастырылған.
2020 жылдан бастап республиканың гео­логиялық барлау саласындағы жетек­ші ком­панияларының бірі шөгінді бас­сейндерді зерттеуге кіріседі. Қазіргі таңда Эко­ло­гия, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі тиісті жұмыстар жүр­гізуде.
Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысының мұ­най-газ саласын дамыту жөніндегі жол картасы аясында өңірдің мұнай ком­пания­лары қиын өндірілетін және қозғалмайтын мұнай өндіру үшін жаңа техно­логияларды енгізу бойынша жұ­мыстар жүргізді. 2019 жылы мұнай өндіруші компаниялар жалпы құны 78,8 млрд теңгені құрайтын  инвестиция, оның ішінде бұрғылау тереңдігін 3500 метрге дейін ұлғайта отырып, 67 мұнай-газ ұңғымасын бұрғылауға салды. Бұл 2019 жылы болжанған мұнай шығыны көлемінің 300 мың тоннадан аса азаюына мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы ин­дустриал­ды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі аясында облыста жалпы құны 567 млрд теңге болатын (6 мың жұмыс орны) 28 жоба жүзеге асырылуда. 2015-2019 жылдары 68 млрд теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, нақты 450 жаңа жұмыс орны құрылды.
Оның ішінде 2019 жылы жалпы құны 201,8 млн теңгені құрайтын 65 жұмыс орнын құруды көздейтін 2 жоба іске қосылды:
1. «Таң ЛТД» ЖШС «Күрішті өңдеу және құрама жем өндірісін ұйым­дастыру» жобасының І кезеңі  құрама жем өндірісі (құны  – 171 млн теңге, жұ­мыс орындары  – 20 адам, қуаттылығы  – жылына 3 мың тонна, жүзеге асыру орны  – Шиелі ауданы). Кәсіпорында ресейлік «Агромолтехника» жауапкер­шілігі шек­теулі қоғамының  ұнтақталған құрама жем өндіруге арналған қон­дырғылары қол­данылады.
2. Жылына 4 млн дана күйдірілген кірпіш өндіретін жеке кәсіпкер «Ақтал» зауыты (құны – 30,8 млн теңге, жұмыс орындары – 45 адам, қуаттылығы –  жылына 4 млн дана, жүзеге асыру орны – Қызылорда қаласы).
2018 жылдың желтоқсанында мерзімінен бұрын іске қосылған тампонажды цемент зауыты 2019 жылы 380 мың тонна болатын цементтің 6 түрін шығарды. Цемент көршілес  Түркістан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласына жөнелтілді. Сондай-ақ, 40,6 мың тонна өнім Өзбекстан Республикасына экспортталды.
«Арал тұз» АҚ Индустрияландыру бағдарламасы аясында екі испан цехын іске қосты, нәтижесінде өнімінің 75 пайызын шет елдерге экспорттауда.               2019 жылы Ресейдің ас тұзы нарығындағы кәсіпорын өнімінің үлесі 16%-ды құрады. Сонымен қатар, Украинаға экспортталған тұз көлемі 2,1 есеге артты.
Одан бөлек, Арал ауданында кварц құмын өндіру және байыту жөніндегі    тау-кен байыту комбинатының құры­лысын бастау үшін дайындық жұмыстары жүргізілді, тиісті жабдықтар сатып алынды. 2020 жылы “Dana Quartz” ЖШС қуаты сағатына 5 тонна кварц құмын байыту бойынша бірінші желінің құрылысын бастауды жоспарлап отыр.
2016 жылдан бері «Баласауыс­қандық» ванадий кенішінен аммоний метаванадаты Ұлыбритания мен Ресейге экспортталуда. 2019 жылы 222,7 тонна экспортталды ( 2018 жыл  – 218,2 тонна).
Жалпы, Индустрияландырудың I және II бесжылдығы аясында құны 150 млрд теңгені құрайтын, 26 жоба жүзеге асырылды, толық қуаттылыққа шыққанда 1,7 мың жұмыс орны ашылатын болады. Іске қосылған индустрияландыру жобалары арқылы 2019 жылы 31,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,8%-ға өсті (2018 жыл – 26,1 млрд теңге).
Оның ішінде 2019 жылы құны 10,5 млрд теңге құрайтын  (тұз, балық, про­пан-бутан, аммоний метаванадаты, мия тамырының сығындысы, цемент)  өнім экспортталып, бұл көрсеткіш 2018 жыл­дың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қар­жылай мәнде 26%-ға ұлғайған (2018 ж.  – 8,4 млрд теңге).
2019 жылы өңірге инвестиция тарту мақсатында Қызылорда қала­сында «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвес­тициялық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында XI Халық­аралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы өткізілді.
Форумға 11 алыс және жақын шетел мемлекеттерінің өкілдері қатысты (Иран, Франция, Германия, Македония, Нидерланды Королдігі, Корея, Канада, АҚШ, ҚХР, Ресей Федерациясы, БАӘ).  Оның ішінде, Иран, Корея, Солтүстік Македония, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы 4 Төтенше және Өкілетті Елшілері, Германияның Бас Консулы және АҚШ пен Франция елшіліктерінің 2 кеңесшісі қатысты.
Сондай-ақ, шетелдік және отандық бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, ірі жобаларды іске асыруда бірлесіп тұрақты жұмыс жүргізіп жүрген инвестициялық компаниялардың басшылары («К2АТ» ЖШС Корея компаниясы, «Total Eren» француз компаниясы, «НЕС» бол­гар компаниясы), ғылыми-зерттеу орта­лықтарының өкілдері және тағы басқалар қатысты.
Форум аясында 100 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрайтын 24 мемо­рандум және 1 келісімге  (Қызылорда қаласында 400 орындық студенттерге арналған жатақхана құрылысын салу және іске қосу) қол қойылды. Оның ішінде, инвестициялық жобаларды өндірістік салада іске асыру бойынша  – 10, агроөнеркәсіптік секторында  – 9, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағы­тында 6 жоба іске асырылатын болады. Қол қойылған меморандумдар және келісім бойынша жобаларды іске асыру үшін іс-шаралар жоспары бекітілді.
Сондай-ақ, аймағымызға инвес­ти­ция тарту мақсатында 2019 жылдың мау­сым айында «Адами капи­тал­дың дамуы: аймақ үшін жаңа сын-тегеу­рін­дер мен мүмкіндіктер» тақыры­бын­да IV Халықаралық Интер­нет-фо­ру­мы өткізілді. Форумның негізгі мақ­­­­­­саты – адами капиталды дамы­­ту ба­­­­­­­ғы­­тындағы халықаралық және отан­­­­дық сарапшыларды бірыңғай алаң­­­­­­­да жинай отырып, Төртінші өн­діріс­­­тік революция жағдайында халық­ара­лық еңбек нарығындағы орын алған қарқынды өзгерістердің  жаңа талаптары мен мүмкіндіктерін,  өңірдегі білім және жұмыспен қамту келешегін тал­қы­лау болып табылды. Форумға Ресей Фе­дерациясы, Татарстан, Син­гапур сияқ­ты әлемнің үш елінің өкілдері қатысты. Форум аясында білім саласында жүзе­ге асырылып жатқан жобалар таныс­тырылды.
Облысқа келетін  инвесторларға қо­лайлы жағдай қалыптастыру мақса­тында 2018 жылы кәсіпкерлерге қызмет көр­сету орталығы базасында фронт-офис құрылды. Орталықтың  ерекшелігі – келу­шілер бір жерден 10 мекеменің қызметін толықтай пайдалануға мүмкін­дік алады.
Орталық «бір терезе» қағидасы бойын­ша жер, сәулет және құрылыс, мем­­лекеттік кірістер, инженерлік ком­му­никацияларға қосылу мәселелері бойынша барлығы 70 қызмет түрін көрсетеді. Орталық жұмысын автомат­тандыру арқылы бүгінде техникалық  шарттар беру уақыты 1 айдан 3 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
2019 жылғы 20 қыркүйекте облыс әкімдігінің №66 қаулысымен өңірге инвестиция тарту жөніндегі фронт-офис болып «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бекітілді. 2019 жылы 10546 қызмет түрі  көрсетілді. Атап айтқанда, техникалық шарт бойынша – 1872, сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша – 1090, жер мәселесі бойынша – 419, мемлекеттік кірістерге байланысты – 2234, кәсіпкерлікті қолдау бойынша – 2289, көші-қон қызметтері бойынша – 1347, басқа да қызметтер бойынша  183 қызмет түрі көрсетілген.
2019 жыл ішінде «Қызылорда облысына инвестиция тарту тетігін жетілдіру жөніндегі» және «Қызылорда облысына инвестиция тартудың 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарлары» жүзеге асырылды.
Іс-шаралар аясында «Инвесторлар тарту және инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі» өңірлік Кеңестің 4 отырысы өткізіліп, нәтижесінде 6 инвестициялық жобаның мәселелері шешіліп, «Байқоңыр» еркін эконо­ми­калық аймағын құру, сондай-ақ, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орта­лығын» (фронт-офис) құру туралы мәселелер талқыланды. Нәтижесімен, хаттамалық шешімдер қабылданды.
Атқарылған жұмыстардың нәти­жесінде 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған жалпы инвестицияның көлемі 400 млрд.теңгені құрап, 17,4%-ға өсті.
«ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ»
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында облыста құны 11,3 млрд. теңгені құрайтын 110 жоба қамтылды. Оның құны 6,5 млрд. теңгені құрайтын 49 жобаның өтінімі мақұлданып, қалған 61 жобаның өтінімін қаржы институттары қарауда.
2019 жылы жеңіл өнеркәсіп сала­сындағы жергілікті қамту үлесі  – 68%-ды, тамақ өнеркәсібінде  – 84%-ды, жиһаз өнеркәсібінде  – 77% және құрылыс индустрия­сында – 73%-ды құрады (2019 жылға бекітілген жергілікті қамту инди­каторы: жеңіл өнеркәсіпте  – 24,6%, жиһаз өнеркәсібінде – 23,3% және құрылыс индустриясында – 29,8%).
Сонымен қатар, 2018 жылы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында кәсіпорындармен тауарларды сатып алу 20%-дан кем емес, жұмыстар мен  қызметтер 50%-дан кем емес жергілікті қамту үлесіндегі мақсаттық индикаторларын белгілеу жөніндегі Қызылорда облысының әкімдігі мен облыс аумағындағы ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялары арасында 2018-2021 жылдарға арналған ұзақ мерзімді келісімдеріне қол қойылды.
Нәтижесінде, 2019 жылдың 9 айы­ның қорытындысымен облыстың жер қойнауын пайдаланушылары  92,4 млрд теңгені құрайтын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер сатып алды, оның ішінде жергілікті қамтудың үлесі 69,8 %-ды құрады.
КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
2019 жылы облыста жаппай кәсіпкер­лікті дамытудың үшжылдығының екінші жылы қорытындыланды.
Бұл кезеңдерде облысымыз кәсіп­керлік саласын дамытуда және бизнеске барынша қолайлы жағдайлар жасауда біршама жетістіктерге жетті.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында әртүрлі қаржы көздерінен 44 млрд теңге тарта отырып, кешенді «Жол картасы» әзірленді.
2019 жылы облыс бойынша 6 мыңнан аса азамат мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылса, сондай-ақ, 3172 жұмыссыз адам мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат өз ісін бастауға 1 млрд 383 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант қаражаттарына қол жеткізді.
Сонымен қатар, облыс бойынша 1436 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат пен кәсіпкерлерге 5,5 млрд теңгеден астам шағын несиелер берілді.
Одан бөлек, 2019 жылдың басынан бері облысымыздың шағын және орта бизнес субъектілеріне екінші деңгейлі банктер 21,9 млрд теңге несие берсе, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында 5,6 млрд теңгенің 166 жобасы қаржыландырылды.
Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9,3 пайызға ұлғайып, 46 297 бірлікті құрады.
Облыс бойынша 92 223 адам шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылып, 285,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді (2019 жылдың 9 айы бойынша).  
Оған қоса, облыстық бюджеттен шағын және орта бизнестің нысандарына инженерлік инфрақұрылымды жеткізу бойынша жобалар қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» мем­лекеттік бағдарламасы аясында облыс­тық бюджет есебінен «Жаңақорған ауданының Жаңаарық ауылдық округінде «Бекарыс и К» өндірістік кооперативін электрмен жабдықтау» жобасы бойынша аталған кооперативтің 9 шаруа қожалығы үшін 15 шақырымдық электр желілері салынып, 8 дана трансформаторлық қосалқы станса жөнделді.
Аталған бағдарлама аясында Махам­бет ауылдық округіндегі алаңы 2,157 гектарды құрайтын жылыжай ке­шенін электрмен жабдықтау бойын­ша құры­лыс-монтаж жұмыстары жүргі­зілуде. Қуаттылығы 2х1600 кВА болатын блокты-модульді трансформаторлық қо­салқы станса орнатылып, 5,4 шақы­рым­дық электр желілері салынатын бола­ды. Нысанды тапсыру мерзімі  – 2020 жыл.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Махамбет ауылдық округіндегі жылыжай кешенін сумен жабдықтауға №6733 барлау-пайдалану ұңғымасын байлауға қаржы бөлініп, 1 ұңғыма бұрғыланды.
Қуаттылығы 300 мың тоннаны құ­райтын «Арал сода» зауытына 3,9 ша­қырым су құбыры желілері салынды. Сондай-ақ, 2020 жылы іске қосылатын Қар­­мақшы ауданының Ақтөбе елді мекеніндегі қуаттылығы 1,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын жә­не Қызылорда қаласындағы Талсуат елді мекеніндегі ет комбинатын сумен жаб­дық­тау бойынша құрылыс жұмыстары басталды.
САУДА
Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылдың қаңтар-желтоқ­санына бөлшек сауда айналымы 280,9 млрд. теңгені немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,5%-ды құрады.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысының аумағында 37 базар жұмыс жасауда.
«Сауданы дамыту» жобасы аясында 2019 жылы заманауи форматтағы 4 жаңа сауда нысаны іске қосылды (Арал ауданы – «Арзан маркет», Қызылорда қаласы – «Ажар Сити», «Нұрдина», «Тұлпар»).
30-дан аса жеңіл, азық-түлік, құрылыс материалдары және қолөнер бұйымдары саласындағы кәсіпорындардың қаты­суымен «Қызылордада жасалған» тауарлар көрмесі өткізілді.
«Денсаулық фестивалі – 2019» акция­сы аясында жергілікті тауарөндіру­ші­лерінің және фармацевтикалық компа­ния­лардың денсаулықты нығайту­ға арналған өнімдерінің көрмесі ұйым­дастырылды.
«Облыс бойынша 8 интернет-дүкен құру» жобасы басталды. Бекітілген жобаға сәйкес әрбір аудан мен Қызылорда қаласында интернет-дүкен ашуға ынта білдірген кәсіпкерлер айқындалып, тиісті меморандумдар жасалды.
Бекітілген жобаға сәйкес, барлық аудандар мен Қызылорда қаласында интернет-дүкендер ашылды.
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес облыста 58 интернет-дүкен тіркелген.
ТУРИЗМ
Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 2019 жылғы 31 мамырдағы №360 қаулысымен «Қазақстан Республи­касы­ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді.
Республикалық туристендіру кар­та­сына облыстан 3 туристік нысан енгізілді: «Қамыстыбас» демалыс аймағы, «Жаңа­қорған» шипажайы, «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы. Бұл ретте, турис­тендіру Картасының ТОП-10-дығына «Байқоңыр» ойын-сауық туристік айма­ғын құру енгізілген. Қазақстанның туристік Картасы – аймақтық және рес­пуб­­ликалық маңызы бар нысандарды қам­титын Карта. Картаның міндеті – 2-3 жыл ішінде халықаралық дәрежедегі нысандар деңгейіне шығу. Бұл картаға республика бойынша барлығы 60 нысан енгізілді.
АҚШ-тағы Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі ғарыштық туризм­нің дамуы үлгісінде «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру Тұжырымдамасы әзірленді. Одан бөлек, 2019 жылы «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағын құру жобасының техни­калық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобаның техникалық-эконо­ми­калық негіздемесіне сәйкес «Байқоңыр» ойын-сауық туристік аймағы ойын-сауық орталығын, әлемдік стандарттарға сәйкес қонақ үй, мейрамхана, кинотеатр,  ғарыштық аттракциондар, зымыран ұшуын қадағалайтын алаңдар, аквапарк, ұлттық кәдесый өнімдерінің дүкендерін, этноауыл, ғарыш мұражайы нысандарын қамтитын болады.
Қазіргі таңда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 1579 шақырымына Қармақшы ауданының аумағында жер телімі анықталды.
2019 жылдың шілде айында Қызылорда облысының әкімдігі мен «К2АТ» корей компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Оның шеңберінде инвестор бірінші кезеңде «Байқоңыр» демалыс және ойын-сауық нысанының құрылысына 84 млн. АҚШ долларын (шамамен 32,0 млрд. теңге) инвестициялауға ниеттеніп отыр.
Сонымен қатар, медициналық туризм­­ді дамыту мақсатында Жаңа­қор­­ған ауданында 88 орындық зама­науи шипажайдың құрылысы жал­ғасу­да. Жобаның құны 906,8 млн тең­гені құрайды, оның 326 млн теңгесін «Бай­қоңыр» әлеуметтік кәсіп­кер­лік кор­порациясы» АҚ қаржы­лан­дырылды, ал қалған 580,2 млн теңгесі инвес­торлардың өз қаражаты («Орда Сығанақ» ЖШС, «Бөрітескен» ЖШС). Құрылыс-монтаж жұмыстары 95 пайызға аяқталды.
«Қамыстыбас» көлінің жағалауында 27 кәсіпкер қызмет жасайтын 104 демалыс үйі орналасқан. 2018 жылдың қорытындысымен демалушылардың саны 89 050-ге жетсе, 2019 жылы оның саны 15 пайызға артты.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лықаралық автомагистралінің бойын­да жол бойы сервис нысандарын дамы­ту бойынша жұмыстар жалғасуда. Қызыл­орда облысының бөлігінде ны­сандар құры­лысы үшін 44 нүкте белгіленген. 2020 жылғы 14 қаңтарындағы жағдай бо­йын­ша инвестицияның жалпы сомасы 6 млрд 261 млн. теңгені құрайтын 29 нысан пайдалануға берілді (оның ішін­де 14-і интернетке қосылған, POS-тер­ми­налдармен төлеу мүмкіндігі бар). 730 тұрақты жұмыс орны құрылды. Қол­да­ныс­тағы 28 нысанның 17-сі «Google maps» және «Yandex карта» жүйесіне енгізілді.
Оның ішінде 2019 жылы 4 нысан іске қосылған (Шиелі ауданындағы «С» санатындағы «Жүзкенов» ДК, жоба құны 120,0 млн. теңге. Қызылорда қаласындағы «В» санатындағы «Жауынбаев» ЖК, жоба құны 300,0 млн. теңге. Арал ауданындағы «С» санатындағы «Жұмағазиева» ЖК, жоба құны 60,0 млн. теңге. Қазалы ау­да­нындағы «D» санатындағы «Глобал Алатау» ЖШС, жоба құны 100,0 млн. теңге).
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН  ДАМЫТУ
Аграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында өсудің оң динамикасы қалыптасты.
2019 жылы ауыл шаруашылығына 14,3 млрд теңге қаржы бөлініп, 2018 жыл­мен салыстырғанда 35 пайызға артты.
2019 жылдың қаңтар-желтоқсан ай­ларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 119,3 млрд теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,4 пайызға артты.
Тамақ өнімдерін өңдеу көлемі 40,7 млрд. теңгені құрады немесе 104,3 пайыз.
Ауыл шаруашылығының негізгі капи­талына тартылған инвестициялар көлемі 7057 млн теңгені құрады немесе 122,0 пайыз.
Сортты жаңарту мақсатында Красно­дардан күріштің “Лидер”, “Янтарь” сорттарының 380 тонна элиталық тұ­қымдары әкелініп, «Таң ЛТД», «Төңкеріс» шаруашылықтарының 1500 гектардан аса жеріне егілді.
2019 жылы облыста алғаш рет 3 шаруашылықта 50 гектарға соя дақылы  егілді.
Жалпы 2019 жылы 183,1 мың гектар жерге әртүрлі  (оның ішінде 87,9 мың гектар күріш, 9,6 мың гектар күріштен өзге дақылдар, 7,9 мың гектар майлы дақылдар, 60,2 мың гектар малазықтық дақылдар, 17,4 мың гектар картоп, көкөнiс, бақша өнімдері) егiс егілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 5,8 мың гектарға артты.
Машина-трактор паркін жаңарту бойынша жұмыстар жалғастырылды. 2019 жылы ауыл шаруашылығы құры­лым­­дары жалпы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын 236 бірлік ауыл шаруа­шылығы техникасын, оның ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 174 бірлік, өз қаржыларына 62 бірлік техника сатып алды.
Мемлекеттік қолдаудың, перспективті сорттарды ендіру, техникаларды жаңарту арқасында облыс күрішшілері соңғы 6 жыл қатарынан жоғары өнімділікке қол жеткізуде. 2019 жылы күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алынып (2018 жылы – 54,5 цн/га), облыс бойынша барлығы 530,5 мың тонна күріш салысы жиналды.
Сондай-ақ, 18,4 мың тонна күріштен басқа дәнді дақылдар, 2,6 мың тонна майлы дақылдар, 208,0 мың тонна мал азықтық дақылдар, 369,1 мың тон­на кар­топ, көкөніс, бақша өнімдері жиналды.
Мал шаруашылығы саласында оң динамика қалыптасып, мал басы тұрақты өсіп, өндірілген өнім көлемі артуда.
2020 жылдың 1 қаңтарына  мүйізді ірі қара мал басы 2,6 пайызға, жылқы 8,7 пайызға, түйе 4,7 пайызға өсті.
 37,4 мың тонна ет (тірі салмақта), 87,8 мың тонна сүт, 8,5 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 3,3 пайызға, сүт өндіру 1,7 пайызға артты.
«Рза» акционерлік қоғамының тауар­лы сүт фермасын кеңейтудің екін­ші кезеңі басталып, Германиядан асылтұқымды сүт бағытындағы 300 бас мүйізді ірі қара малының аналығы әкелінді.
2019 жылдың 1 қарашасына облыстан 25,6 млн. теңгені құрайтын  64,2 мың тон­на ауыл шаруашылығы өнімдері (ба­лық, күріш, бидай және бидай қал­ды­ғы,  арпа, тірілей түйе, МІҚ және қой, майлы дақылдар тұқымдары, томат, қияр, қар­быз, қауын, сабан және көкөніс) экс­порт­талды, бұл 2018 жылдың тиісті ке­зеңі­мен салыстырғанда 7,1 пайызға артық.  
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері цифрлық технологияны ендіру жұмыс­тарын бастады.
2019 жылы Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығы базасында «нақты егіншілікке» арналған «Akmaya Smart Farm» цифрлық платформасының жобасы іске асырылды.
Одан бөлек, көкөністер өсіру үшін (томаттар) Қызылорда қаласын­да «КазАгроМир» ЖШС жоғары тех­но­ло­гиялы заманауи автомат­тан­ды­рыл­ған жылыжай кешенінің құрылысын салды.
Мал шаруашылығы саласында «ақыл­ды фермалар» құру жүзеге асырылуда.
Облыстағы 3 репродукторлық және мал шаруашылығында  жылжымалы станок-фиксатор, ауыспалы жүктемелік, автоматты суарғыш жылытатын құрыл­ғылар, автоматты суарғыш құрыл­ғылары мен баламалы энергия көздері және GPS-навигаторлары пайдаланылуда.
2019 жылы жобалық құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын 19 инвестициялық жоба (7-уі күріш өңдеу зауыттары, 7-уі ет бағытындағы репродуктор шаруа­шылықтар құру, 3-уі мал бордақылау алаңы және мал сою пункті, 2-уі сүт өндіру мен өңдеу бағытындағы) жүзеге асырылды (187 жұмыс орны құрылды).
ВЕТЕРИНАРИЯ
Облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақ­тылықты қамтамасыз ету мақсатында аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы (5389,8 мың доза және энзоотиялық ауруларға қарсы 492,3 мың доза ветеринариялық препараттар – 205,4 млн. теңге) шаралар өткізілді.
Бруцеллез ауруына қарсы диагнос­тикалық тексеру нәтижесінде барлығы 281, оның ішінде 96 бас МІҚ, 185 бас уақ малда ауру анықталып, ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес, санитарлық сойылды.
2019 жылы жергілікті бюджеттен 127,6 млн. теңге қаржы бөлініп, 8 типтік жобадағы мал қорымы салынды.
Облыс көлемінде 34 мал сою алаңы және 4 мал сою пункті тіркелсе, 2 мал базары (Қызылорда қаласы мен Шиелі кенті) жұмыс жасайды.
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕЛИОРАЦИЯ
Суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстары аясында облыста 158 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру және пайдаланылмай тұрған 29 мың гектар жерді қайта айналымға қосу бойынша жалпы құны 161 млрд. теңгені  құрайтын 3 (үш) жобаны іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде:
– 15 мың га. ПУИД-2 жобасы бойынша (9,3 млрд теңге);
– 143 мың га. ПУИД-3 жобасы бойынша (138,3 млрд теңге);
– 29 мың га. суармалы жерлерді айналымға қосу жобасы (13,4 млрд теңге).
ПУИД-2 жобасы бойынша 2019 жылы  Жалағаш ауданында 15 мың гектар суармалы жерлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды (қаржыландыру көзі  – республикалық бюджет – 70%, дүние­­жүзілік банк қарызы – 30%).
ПУИД-3 жобасы бойынша су нысан­дарын құжаттандыру жұмыстары аяқ­талды.
29 мың га суармалы жерлерді айна­лымға қосу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жоба Азия даму банкінің қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын болады.
Жоғарыда аталған 3 жоба жүзеге ас­қан жағдайда облыстағы  суармалы жер­лердің 80 пайызы немесе 158 мың га жер инженерлік жүйеге келтірілетін болады.
Облыстың елді мекендерінің эколо­гиялық жағдайын және аяқсумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 8 каналға су шаруашылығы жұмыстары, 6 гидротехникалық құрылысқа көп­факторлы  тексеру жұмыстары жүргізілді Қызылорда қаласына қарасты  Ақсуат ауылдық округін аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында электрлі насос қондырғысы алынды.
«Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны облыс көлеміндегі коммунал­дық меншікке алынатын 372 су шаруашылығы нысанын анықтап, бүгінгі күнге 220 су шаруашылығы нысаны аудандар мен Қызылорда қаласының коммуналдық мүлік мен­шігінен облыстың коммуналдық мүлік меншігіне өткізілді.
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарында  Қызылорда облысының төрт су шаруа­шылығы жобасын іске асыру көзделген. Атап айтқанда:
– “Көкарал” бөгетін сақтау және Сыр­дария өзенінің сағасын қалпына келтіру;
– “Қызылорда” су торабын қайта жаңғырту;
– “Күміскеткен” және “Қараөзек” су қоймаларын салу.
2020 жылы республикалық бюд­жет­тен «Көкарал бөгетін сақтау және Сыр­дария өзенінің сағасын қалпына кел­тіру» жобасының жобалау-сметалық құжат­­тамасын әзірлеуге 100,5 млн. теңге, «Қараөзек су қоймасын салу» жоба­сының жобалау-сметалық құжат­та­масын әзірлеуге  62,4 млн теңге және «Күміскеткен су қоймасын салу» жо­ба­сының жобалау-сметалық құжат­тама­сын әзірлеуге 50 млн теңге бөлу жоспарлануда.
«Қызылорда су торабын қайта жаңғырту» жобасының жобалау сметалық құжаттамасы «ҚазСуШар» кәсіпорнының өз қаржысы есебінен әзірленді.
БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2019  жылы балық аулау көлемі  7193 тоннаны құрады. Ауланған балықтың басым бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Қазіргі уақытта облыста жылдық қуаттылығы 12,5 мың тонна болатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды.
Балық өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артты. Балық өнімдерінің 13 түрі экспортталуда. 2019 жылдың 12 айында балық өнімдерінің экспорт көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артып, 4220 тоннаны құрады.
ЖЕР РЕСУРСТАРЫ
Жалпы 2012-2018 жылдар нәти­жесімен 457,1 мың гектар жер учаскелері сауда-саттық жолымен және мемлекеттік бағдарламалар арқылы айналымға енгізілді.
2018 жылы 85,5 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу жоспарланып, 87,3 мың га жері айна­лымға енгізілді (жоспардың 102,1 пайызы орындалды).
2019 жылы барлығы 57,1 мың га жерлерді айналымға алу жоспарланды. Жерге орналастыру жұмыстарына жергілікті бюджеттерден 21,8 млн теңге қаралып, жобалық жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күнге Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандары және Қызылорда қаласы бойынша сауда-саттық (конкурс) өткізіліп, жалпы көлемі 26287 гектар болатын 89 жер учаскесі табысталды. Сонымен қатар, маусымдық мал жайылымы үшін 34013 га, барлығы 60300 га ауыл шаруашылығы жерлері табысталды (жоспардың орындалуы – 105,6 пайыз).
Ресей Федерациясына жер учаскесін жалға беруге қатысты 2017 жылдың қарашасында Ресей Федерациясының Челябинск қаласында екі ел президенттерінің төрағалығымен өткен ХІV Қазақстан және Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Байқоңыр» кешенiн жалға беру шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (жалпы көлемі 11,6 мың гектар жер учаскесі) хаттамаға қол қойылды.
2019 жылдың 12 желтоқсанында ҚР Сенатының пленарлық отырысында “1994 жылдың 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі ара­сын­дағы “Байқоңыр” кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хатта­маны ратификациялау туралы” Заң жо­басы қаралып, Сенат депутаттары бекітті.
2019 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Хаттаманы ратификациялау туралы Заңға қол қойды.
Одан бөлек, қайтаруға жататын қо­сымша 4045,9 гектар жер учаскелерін Ресей Федерациясының жалға беру құ­ра­мынан шығару бойынша жұмыстар жасалды:
1) Төретам кенті мен Ақай ауылына жалпы көлемі 2900 га қосымша аумақ, оның ішінде: Төретам кентінің жаңа орталығына 184 га, Төретам кентіне 322,6 га, Ақай ауылына 371,4 га, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолынан теміржолға дейінгі аумақ 2020,2 га;
2) “Байқоңыр” кешенінің №42, 43, 45 (Назарбаев ұшу алаңы) алаңдарының аумағы, жалпы көлемі 1145,9 гектар.
Қазақстан және Ресей тарапының бірлескен жұмысшы органдары жүргізген жұмыстар нәтижесімен тиісті құжаттар ресімделіп, актілер бекітілді.
Аталған мәселелер Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына ұсыны­латын болады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ
Облыста елді мекендер мен  ауыл шаруашылығы егістіктерін су тасқыны қаупінен алдын ала сақтандыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
2019 жылы 525,5 млн теңге қаржыға жалпы ұзындығы 22,3 шақырымды құрайтын қорғаныс бөгеттерінің 26 учаскесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар ағым­дағы жөндеу болғандықтан, бүгінгі күнге дейін облыс елді мекендерін су басу қаупі сейілген жоқ. Осыған байланысты, облыс аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында 2017-2018 жылдары облыс бюджетінен бөлінген 110,5 млн тең­ге қаржыға жалпы құны 10,9 млрд тең­гені құрайтын 3 ірі жоба (мемлекеттік сарап­тамасымен) әзірленді. Атап айтқанда:
1) құны 5,0 млрд теңгені құрайтын «Су басу қаупін болдырмау мақсатында Қызылорда қаласының шегіндегі Сыр­дария өзенінің арнасын тазалау» жоба­сында жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын өзен арнасын жер снарядпен құмнан аршып тазалау көзделген;
2) 12 шараны қамтитын құны 4,5 млрд теңгені құрайтын «2017-2020 жыл­дардағы Қызылорда облысындағы су тасқынының алдын алу және жою бойынша кешенді шаралары» жобасы Қазалы, Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандарының  өзен бойы орналасқан елді мекендерін су басу қаупінен қорғау мақсатында жалпы ұзындығы 144 шақырым қорғаныс бөгетінің құрылысы мен 5,2 шақырым өзен арнасын түзету жұмыстарын көздейді;
3) «Қызылорда облысының басқару органдары мен халқын құлақтандырудың кешенді жүйесін құру» жобасы  124 елді мекенге бірыңғай басқару тетігімен басқарылатын 167 сиреналық дауысты қондырғыларды орнату және 1 цифр­лық телеканалға қосылу жабдығын орналастыруды көздейді. Жобаның жалпы құны – 1,4 млрд теңге.
Барлық 3 жоба әкімшісі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі болып табылатын «Су тасқыны қатер­лерінің алдын алу және жою жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған шаралар кешені» жол картасына енгізілген. Іске асырылу уақыты – 3 жыл (2020 жыл – 2,8 млрд теңге, 2021 жыл – 3,8 млрд теңге, 2022 жыл – 3,1 млрд теңге).
Сонымен қатар, осы жобалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы­сымен бекітілген 2019-2022 жыл­дарға арналған Қызылорда облы­сының әлеу­меттік-экономикалық дамуы­ның кешенді жоспарына енгізілген. Атал­­ған жобаларды іске асыру үшін Қа­зақ­стан Республикасының Ішкі істер ми­нистрлігіне республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінімдер жолданды.
Қазіргі таңда 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жоба­сында «Су басу қаупін болдырмау мақ­сатында Қызылорда қаласының шегіндегі Сырдария өзенінің арнасын тазалау» жобасы қолдау тауып, 2020 жылы республикалық бюджеттен  400,0 млн теңге қаржы бөлінді (2021 жылға – 2,2 млрд теңге,  2022 жылға – 1,9 млрд теңге).
Конго-Қырым геморрагиялық қыз­ба­сының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып анықталған 123 елді мекенде көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 214,5 млн теңге қаржы бөлінді.
Бекітілген кестеге сәйкес, көктемгі залалсыздандыру жұмыстары 8 сәуір мен 12 маусым, күзгі залалсыздандыру жұмыстары  20 тамыз бен 15 қазан ара­лы­ғында жүргізілді. Облыс бойынша залал­сыздандыру жұмыстарының орташа тиім­ділік көрсеткіші – 97,1 пайызды құрады.
АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие
Облыс бойынша  666 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның ішінде 573 балабақша мен 96 шағын орталықта 58000 бала тәрбиеленуде.  2019 жылы  1290 орын­ға арналған 13 балабақша ашылды, оның 2-уі мемлекеттік балабақша (Арал – 2, Қазалы – 2, Қармақшы – 1, Жалағаш – 1, Сыр­дария – 1, Шиелі – 1, Қызылорда – 5).
Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72 пайызын құрап отыр, 3 пен 6 жас аралығындағы балалар балабақшалармен 100% қамтылған.
Балаларды кезекке қою, мектепке дейінгі мекемелерге жолдама беру қыз­мет­тері толығымен автоматтан­ды­рылған.
Орта білім
Облыстағы 293 мектепте  162142 оқушы білім алуда.
Қазіргі таңда апатты жағдайдағы 2 мектептің орнына жаңа мектептер  құрылысы жүргізілуде (Жалағаш ауданы Шәменов ауылы №34 мектеп – 149,1 млн. теңге, Жаңақорған ауданы №169 мектеп – 500 млн теңге).
Арал ауданы мен Қызылорда қала­сынан 3 мектепке 425 орынға арналған қосымша ғимараттар пайдалануға берілді (Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі №231 мектепке – 100 орын,  Қызылорда қаласындағы №198 мектепке – 175 орын,  №261 мектепке – 150 орын).  1450 орынға арналған 3 жеке мектеп ашылды.
Арал ауданында облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты ашылып, 185 бала қабылданды.  
Халықаралық және республикалық олим­пиадаларда 50-ден астам оқушы жүл­делі орындарды иеленді. Оның 12-сі ал­тын, 14-і күміс, 29-ы қола медаль.
Барлық мектептерде жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстары  2016  жылдан басталды. Педагогтардың 77 пайызы курстан өтіп, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жалақыларына 30% үстемақы қосылды. Облыстағы 150 мектепте  жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағыл­шын тілінде пилоттық негізде оқытылуда. 649 мұғалім тілдік курстан өтті.
2019-2020 оқу жылында мұғалімдер саны 21538-ді құрайды. Оның ішінде  жоғары және бірінші санатты мұғалім саны 12431-ді құрайды, бұл жалпы санының 57,7 пайызы.
Білім саласын цифрландыру қар­қынды жүруде.  Барлық мектептер 100 пайыз кеңжолақты интернетке қосыл­ған. Мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік аясында  компьютерлер паркі 100 пайыз жаңартылды. 122 мектепте робототехника  кабинеттері жұмыс жасайды.
Мектептегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер (ыстық тамақ ұсыну, лагерьге жолдама беру, 1 сыныпқа мектепке қабылдау) автоматтандырылған жүйеге қосылған. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 24 млн теңге қаржы бөлінді.
Облыс бойынша 59 қосымша білім беру ұйымына 57112 оқушы қам­тылған. Облыс бойынша қосымша білім­мен қамту 86 пайызды (139967) құрайды.
Инклюзивтік білім алуға жағдай жасалған мектептердің саны бүгінгі күні 197-ні (67,2%) құрайды.  
2019-2020 жылдары мектептерді арнайы мамандармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 97 штат бірлігіне 166 млн. теңге бөлінді.
 3 пен 6 жас аралығындағы білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды мектепке дейінгі тәрбие алуға 119 (21%) балабақшада жағдай жасалған.
Кәсіптік-техникалық білім беру
2019-2020 оқу жылында облыс бойынша 30 техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында 97 мамандық 167 біліктілік бойынша 20365 студент білім алуда (16 мемлекеттік, 14 жекеменшік оқу орындары).
Колледждерде 87 мамандық бойынша дуалді оқыту, 48 мамандық бойынша модульдік білім беру оқу бағдарламалары енгізілді.
Соңғы екі жылда облыстың еңбек ресурстары балансына сәйкес 22 жаңа мамандық (біліктілік) ашылды.  
Колледждердің білім беру жүйесін автоматтандыру үшін жергілікті бюд­жеттен 32,8 млн теңге қаржы бөлініп, 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет авто­маттандырылды.
«Жас маман» жобасына облысы­мыздан 9 колледж іріктеліп, материалдық-техникалық базасы республикалық бюджет есебінен жабдықталатын болады. Жергілікті бюджеттен 4643 мемлекеттік тапсырыс бөлініп, жастардың кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасалды.
2019 жылы 10 оқу орны инсти­туциональды және мамандандырылған аккредитациядан сәтті өтті (Қызылорда медицина жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атын­дағы Қызылорда аграрлы-техни­ка­лық жоғары колледжі, Қазалы көлік-техни­калық жоғары колледжі, «Абылай хан» колледжі, «Болашақ медицина» кол­леджі, Қазақ гуманитарлық заң және тех­никалық жоғары колледжі, Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, Байқоңыр «Космос» колледжі, «Жас өркен» колледжі).
Техникалық және кәсіптік білім беретін 8 оқу орны жоғары колледж ста­тусын иеленді (Қызылорда медицина жоғары колледжі, И.Әбдікәрімов атын­дағы Қызылорда аграрлы-техни­ка­лық жоғары колледжі, Қазалы кө­лік-тех­никалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педа­гогикалық жоғары колледжі, «Абылай хан» жоғары колледжі, Қазақ гу­манитарлық заң және техникалық жоғары колледжі, Болашақ жоғары колледжі, Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжі).
2019 жылғы желтоқсанда айында “ДилМаш” ЖШС Қызылорда медицина жоғары колледжі үшін 330 орынды жатақхананы іске қосты.
Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс әкімдігі аймақтық бағдарлама әзірлеп, бекітілді.
Бағдарламаның басты индикаторы ретінде тұрғындардың  өмір сүру ұзақтығы бекітілді. Облыс бойынша 2018 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72,9 жасты құрады. Соңғы 3 жылда өмір сүру ұзақтығының 2016 жылғы 71,91 жастан  2018 жылғы 72,9 жасқа дейін тұрақты түрде өсуі байқалуда.
2019 жылға жалпы құны 737,2 млн теңгені құрайтын 15 бастапқы меди­циналық-санитарлық көмек көрсететін нысан пайдалануға берілді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шең­берінде 4 дәрігерлік амбулатория, дайын ғимарат сатып алу арқылы 4 фельдшерлік-акушерлік бекет пен  7 медициналық бекет.
Жеке инвестиция тарту мақсатында «Медтроник Қазақстан» ЖШС-мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шең­берінде  пилоттық  режимде облыстық көпбейінді ауруханада және Қазалы ауданаралық ауруханада ангиографиялық зертханалар ашылды.
Республикалық бюджет есебінен апаттық жағдайдағы аурухананың орнына жалпы құны 5,5 млрд тең­гені құрайтын Шиелі ауданаралық ауруханасы пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Жалағаш ауданында дәл осындай аурухананың құрылысы жүргізілуде.
2019 жылы «2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысан­дарының­ инфрақұрылымының бірыңғай перс­пективалық  даму жоспары» бекітілді.
Аталған жоспарға сәйкес, мемлекет­тік-жекешелік әріптестік шеңберінде Сырдария өзенінің сол жағалауынан  500 төсек-орындық көпбейінді облыстық аурухана құрылысы жоспарлануда.
Кластер қалыптастыру арқылы 6 ірі ауру­хананы кезең-кезеңімен қай­та құры­лымдау жұмыстары ұйым­дас­тырылуда.
Денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымының бірыңғай перс­пективалық  даму жоспарына сәйкес,  жалпы құны 73,5 млрд теңгені құрайтын 118 нысан құрылысын салу жоспарлануда, оның 59-ы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында.
Сәби өлімін төмендету мақсатында жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Ана мен бала денсаулығын қорғауға арналған медициналық ұйымдарға 1,5 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынып, нәтижесінде құрал-жабдықтармен жарақ­тандыру көрсеткіші 85%-ға жеткізілді.
Ана мен бала денсаулығын қорғау – саланың басымды бағыты болып табылады және мамандардың біліктілігін арттыру да маңызды мәселе болып қалуда. 2019 жылдың 1 қарашасына мамандар тапшылығы 151 дәрігерді (2018 жыл – 205) құрауда.
Мамандар тапшылығын азайту мақсатында облыс әкімінің грантымен 46 резидент еліміздің 2 жоғары оқу орнында оқуда. 2019 жылы 16 түлектің 9-ы жұмысқа орналасты.
 Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен жалпы тәжірибедегі 40 дәрігерді (2018 жылы – 30 грант) даярлауға облыс әкімінің арнайы гранты бөлінуде. 2019 жылы 95 дәрігер оқуын аяқтап, 45 пайызы (43 дәрігер) ауылдық жерге жіберілді.
2018 жылдан бастап 14 бастапқы медициналық-санитарлық көмек көр­сететін ұйымдарда жедел жәрдем ме­дициналық көмек бөлімшелері ашылып, бригадаларының саны 47-ден 78-ге дейін өсті (бригаданың жүктемесі 2 есеге дейін төмендеген, 22,23-тен 12,8-ге дейін). Нәтижесінде жедел жәрдем бригадаларына шақыру түскен сәттен бастап оқиға болған жерге дейінгі жету уақыты орташа есеппен 9,8 минуттан 6,9 минутқа дейін қысқарды, нәтижелі реанимация пайызы 13-тен 48-ге дейін жеткізілді. Бастапқы медициналық- санитарлық көмек көрсететін ұйымдар деңгейінде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2019 жылы 13  қосымша аймақ ашылды. Нәтижесінде,  1 аймаққа тіркелген халық саны 1644-ке жеткізілді (2017ж. – 1806; 2018ж. – 1683).
«Smart City» тұжырымдамасының аясында «Электронды кезек және дәрігер қабылдауына жазылу жобасы» жүзеге асырылды. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 162,1 млн теңге қаражат бөлінді. Электрондық кезек инфра­құры­лымы құрылып (электрондық кезек және дәрігер қабылдауына жа­зылу терминалдары, экрандар, шағын компьютерлер), навигациялар орна­тылды. Жобаның негізгі мақсаты – кезек­тілікті азайту арқылы медициналық көмек­тің сапасын арттыру және тұрғын­дардың қанағаттанарлық деңгейін көтеру.
Тұрғындардың 96,5%-ы электронды денсаулық паспортымен қамтылған. 2019 жылы «Қағазсыз аурухана» жобасы аясында 114 медициналық құжаттама (94,2 пайызы) электронды форматқа көшірілді.  Барлық медициналық ұйым­дар компьютерлік техникамен 100 пайыз жабдықталған. Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету 85,7 пайыз, бұл  аудандық деңгейден төмен.  
Нәтижесінде, 2019 жылдың қорытын­дысымен қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 3,9 пайызға, тубер­кулезден болатын өлім-жітім көр­сеткіші 28,6 пайызға, туберкулезден ауру­шаңдық көрсеткіші 4 пайызға, жас­өспірімдер арасындағы суицид 54,1 пайызға төмендеді.
Медициналық қызмет көрсету са­пасын арттыру бойынша атқарылып жат­қан жұмыстарға қарамастан нәрес­телердің өлім-жітім көрсеткішін азайтуға қол жеткізу орындалмай отыр.  2019 жылдың 12 айында 1000 тірі туылғандарға шаққандағы нәресте өлім-жітімі көрсеткіші 9,5 пайызды құрады, жоспар – 8,4.
Жалпы, 2016-2019 жылдарға арнал­ған «Денсаулық» мемлекеттік бағдар­ламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша әкімдік жос­парлы жұмыстар жүргізуде.
Мәдениет және мұрағат
Жастар жылы және «Рухани жаң­ғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдар­ламалық мақалалары аясында 5 ха­лықаралық, 5 республикалық, 35 облыс­тық конкурс мен фестиваль ұйымдастырылды (Жастар жылына және Әйтеке бидің 375 жылдығына арнал­ған «Жастар жырлайды» респуб­ликалық ақындар айтысы, «Сыр өңірінің түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі алар орны» ғылыми-теориялық конференция,
«Аға ұрпақ өнері – жастарға аманат» суретшілер симпозиумы, «Парасатты поэзия»,  «Қорқыт және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивальдары, Өзбекстан Республикасында Қызылорда облысының өнер күндері).
Жастар жылы аясында және шығар­машылық тәжірибе алмасу, өнер­лі жастарды қолдау мақсатында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музы­калық драма театрының 9 жас артисі Ресейдің жетекші театр өнері институтында (GITIS) білім жетілдіру курстарынан өтті.                                
Өнердің қара шаңырағы – Н.Беке­жа­н­ов атындағы қазақ музыкалық драма теа­трына  «Академиялық» мәрте­бесі берілді.
Сыр елінің мәдениетін және өнерін таныту, бауырлас елдер арасында достық қарым-қатынасты дамыту мақсатында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақ­стандық мәдениет» жобасы аясында облыстық филармонияның камералық оркестрі түркітілдес елдердің қаты­суы­мен Босния-Герцеговина мемле­кетін­де өткен классикалық камералық ор­кестрлер фестивалінде, «Ақмешіт» фоль­клорлық ансамблі Ғарышкерлер күніне орай Мәскеудің Кремль сарайында өнер көрсетті.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тарихи-мәдени нысандарды қорғау және сақтау үшін 2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің келісімімен қорғау аймақтарын айқындау, қараусыз қалған ғимараттарды пайдалану, қайта жөндеу және археологиялық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту бағытындағы 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік Жол картасы бекітілді.
Республикалық бюджет қаржысы есе­бінен Сығанақ, Жанкент қалашық­тарына және Қазалы ауданындағы Ғанибай үйіне қайта жаңғырту жұ­мыстары жүргізілді.  
Облыстық бюджет қаржысы есе­бінен Қышқала, Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, Сығанақ қаласына жасалған қазба барысында «көне қорым» орындары аршылып, ХІІІ-ХІV ғасырларға жататын алтын әшекей бұйымдар (сырға, алқа, бойтұмар, жапсырмалар, моншақтар және қыш қаптамалар) табылып, облыстық музейдің қоры құнды жәдігерлермен толықты.
«Тарихы терең Қышқала» тақыры­бында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері ортағасырлық Қышқала қалашығында пресс-турлар және  «Сыр бойының археологиясы: жетістіктері мен даму тарихы» та­қырыбында ғылыми-тәжірибелік алаңын ұйымдастырды.  
Жобалық офис аясында  – «Жыр мұра», «VILLAGE LIFE», «SACRAL ТУР» 3 жобасы жүзеге асырылды. «Жыр мұра» жобасы нәтижесінде Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған аудандарында және облыстың мәдениет ұйымдарында  жыр-терме мектептері, қобыз үйірмелері  ашылды.
«Ұлы Дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедициясы бары­сында 45 жыршы-жыраудың дауысы, бұрын-соңды орындалмаған 35 ескі са­рындағы мақам-саздар, 25 терме-толғау мә­тіндері, дастан жазылып алынса, облы­сымызға белгілі жыршы-жыраулар жыр-терме үйірмелерінде шеберлік дәрістерін өткізді.
Жоба нәтижесінде 15 жас буын анық­­­талып, дәстүрлі өнерпаздардың қа­ты­суымен қорытынды концерт ұйым­дастырылды.
«SACRAL ТУР» жобасы «Өз жеріңді танып, біл!» бастамасы бойынша  облыс аумағындағы қасиетті нысандар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштерге (Сауысқандық петроглифтері, орта­ғасырлық Сығанақ қалашығы, Оқшы ата, Хорасан ата кесенелері, Қорқыт ата кешені, т.б.) танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, оған 1000-ға жуық оқушылар мен студенттер қатыстырылды.
«VILLAGE LIFE» жобасы  барысында балаларды ауылдың тұрмыс-тіршілігімен, ұлттық салт-дәстүрлермен таныстыру мақсатында ауылдық жерге 16 сапар ұйымдастырылып, оған 800 оқушы қамтылды.
Мұрағат деректері негізінде «Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерт­теулерінің тарихы» атты кітап-альбомы, өңірдің 189 ескерткіші қамтылған «Сыр бойының сакралды ескерткіштері: миф­тер, аңыздар, хикаят­тар» атты кітабы шығарылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында респуб­ликалық «Қасиетті Қазақстан»  ғылыми зерттеу орталығы тарапынан шығарылған “Қасиетті Қазақстан” кітабының ІІІ жинағына Қызылорда облысынан 12 жал­пы­ұлттық, 60 өңірлік  маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері енгізілді.
“Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы аясында «Электронды архив» ақпараттық жүйесі бойынша 23 155 сақтау бірлігінің 2 млн. 490 мың 189 парағы цифрлық жүйеге көшірілді. Сонымен қатар, “Кітапхана қор­­­ларын цифрлау” жобасы аясында 8989 кітап  (2 047973 бет) цифрлық жүйеге кө­шірілді.
Мәдениет нысандарын жаңғырту мақсатында 2019 жылы 2 ауылдық клуб (Арал ауданы – Шижаға,  Шиелі ауданы – Тартоғай ауылдық мәдениет үйлері) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік  аясында Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық клубы пайдалануға берілді. Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 6 мәдениет нысаны күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Спорт
Облыста дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші – дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесін арттыру болып табылады.
Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үле­сі 30,2 пайызға дейін көтеріліп, 243078 адамға жетті. Бұқаралық спортты да­мыту үшін 138 елді мекенде 282  спорт нұсқаушысы жұмыс жасап, 41 мыңнан астам адамның тұрақты дене шынықтырумен айналысуына ықпал етті.
Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде, спорттық клубтарда 7 мен 18 жас аралығындағы 27186 бала мен жасөспірім спортпен шұғылдануда, бұл жалпы 7 мен 18 жас аралығындағы бала санының 16,7 пайызын құрайды.
2019 жылы 1599 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 450 330 адам қатысты.
Атап айтқанда, оқушылар арасындағы «Нашақорлыққа жол – ЖОҚ!», «Бәрің де жарысқа!», «Алтын белбеу» облыстық турнирінің үш кезеңінде 16 мыңнан аса адам қатысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің жүлдесіне мемлекеттік қызметшілер арасындағы  спартакиада, ардагерлер, мүге­дектер және т.б. арасындағы спар­такиада жаппай сипат алуда.
Облыс тарихында алғаш рет ерлер арасында бокстан Қазақстан Респуб­ликасының спартакиадасы, парадзюдодан халықаралық турнир, жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Кубогі және басқалай кешенді жарыстар өткізілді.
Есепті кезеңде облыста спорт түр­лерінен 21 чемпионат және Қа­зақ­стан Рес­­пуб­ликасының Кубогі, 13 халық­ара­­лық және 40 республикалық турнир өткізілді.
Cондай-ақ, футболды дамыту мақ­сатында алтыншы жыл қатарынан қала мен аудандарда 5 ай бойы (мамыр – қыр­күйек) әр аптаның сенбі күндері фут­болдан облыстық чемпионат өткізіліп, мамыр-қазан айлары аралығында шағын футбол лигасы ұйымдастырылды, дәстүрлі бұқаралық веломарафон және жүгіру маусымы жалғасуда.
Халыққа спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің желісін және айналысушылардың санын арттыру мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында кезең-кезеңімен 18 жоба жүзеге асырылуда. 2019 жылы Шиелі ауданының Бестам, Төңкеріс ауылдарында, Жаңақорған ауданының Жаңақорған кентінде және Сүттіқұдық ауылында, Жалағаш ауданының Таң ауылында спорт кешендері іске қосылды.
Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионға қайта жаңғырту жұмыстары, Жалантөс баһадүр атындағы спорттағы дарынды  балалар үшін интернат-колледж мектебіне күрделі жөндеу жүргізіліп, Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында 4 жабық корттың құрылысы жалғасуда.
«Мүгедектерге арналған спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Бұдан бөлек Қармақшы ауданының Жосалы кенті мен Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі орталық стадиондар ағымдағы жөндеуден өтті.
Жоғары білікті спортшылар мен спорттық резерв дайындау бойынша жұмыстар жалғасты. Олимпиада резервін дайындау орталығы, спорттағы дарынды балалардың мектеп-интернат колледжі, үздік спорт шеберлерінің облыстық мек­тебі және 41 спорт түрінен 20597 шұ­­ғыл­данушысы бар  балалар мен жас­өспірімдердің 21 мектебі жұмыс жасауда.
Барлық аудандар мен Қызылорда қаласындағы 8 денешынықтыру және сауықтыру клубтарында 13613 адам тұрақты шұғылдануда.
Нәтижесінде, спортшыларымыз 2019 жылы ҚР чемпионаттарында 1457 медаль (452 – алтын, 414 – күміс, 591 – қола) жеңіп алса, Әлем және Азия чемпионаттарында 170 медаль (68 – алтын, 55 – күміс, 47 – қола) жеңіп алды.
2 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 19 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 97 спорт шебері, 1 050 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, 194 1-ші cпорттық разряд спортшылары дайындалды.
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына облыстың 578 спортшысы кірді.
Олардың арасынан  Жапонияның Сай­тама қаласында әйелдер арасында өт­кен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чем­пио­­натының күміс жүлдесін иеленген Элизабет Тұрсынбаева ерекше көзге түсті.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жасөспірімдер арасында өткен ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Сапи Есенгелді және Бекболат Рахат жеңімпаз атанды. Бұл жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан облыста алғаш рет алынған медаль.
Дәулет Ниязбеков еркін күрестен Әлем чемпионатында күміс жүлдені ие­леніп, 2020 жылы Токиода өтетін Олим­пиада ойындарына,  ал мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атле­тикадан Ислам Салимов Паралим­пиа­да ойындарына қатысуға жолдама алды.
Бокстан Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев күміс, Тұрсынбай Құлахмет қола жүлдеге ие болды.
«Әлем барысы» қазақ күресі турнирінде Мақсат Исағабылов қола медальді иеленсе,  Нұрым Сәлімгереев қазақ күресінен Әлем чемпионы атанды.
2019 жылдың айтарлықтай жаңалығы – «Қайсар» футбол командасының Қазақстан Кубогы ойындарында жеңімпаз атануы болды. Команда 20 жыл уақыттан кейін екінші рет финалға шықты. Алдағы мақсаты – ағымдағы жылы Еуропа лигасында лайықты өнер көрсету.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
Жастар жылында Сырдария өзенінің сол жағалауында «Жастар орталығы» іске қосылды. Орталық ашылғалы бері 40 мыңнан астам жасқа қажетті қызметтер көрсетілді.
Жастардың бастамаларын қолдауға және олардың креативтілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көлемі 34 пайызға артты. 2019 жылы жастардың қоғамдық ұйымдары 49 жобаны жүзеге асырды.
Жастар жылында алғаш рет  көршілес  түркітілдес 5 ел жастарының халықаралық фестивалі (Әзірбайжан, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия, Татарстан), жас IT-мамандарды дайындаудың IT-эшелоны, аймақтың туристік әлеуетін таныту, тарихи-мәдени орындарға республикалық лагерь, ауыл жастарының слеті өткізіліп, жастардың еңбек отрядтары ұйымдастырылды.
Өз жобасын ұсынып, оны инвесторлар алдында таныстыруға мүмкіндік беретін «Kyzylorda Business Hub» жобасы пилоттық режимде жүзеге асырылды. Облыстың 125 белді жасы облыс және қала әкімінің арнайы жүлдесін, сондай ақ облыс әкімінің «Сыр үміті» жүлдесін (2016 жылдан бері тоқтап тұрған) және Ғани Мұратбаев атындағы «Ғани сыйлығы» республикалық жүлдесін иеленді.
«Дарын» жүлдесін 3 жас иеленді. Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін 1077 жасқа мемлекеттік гранттар ұсынылса, 44 жасқа (21 млн теңге) бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында өз бизнесін ашуға мүмкіндік берілді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 323 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы және 503 маманға тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несиелендіру ұсынылды.
Аз қамтылған отбасының 3,5 мың студентіне қоғамдық көлікте жүруге әлеуметтік көмек көрсетілді. Облыс әкімінің оқу грантымен білім алатын студенттердің саны 1014 адамға жетті.
Ресей Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу және Санкт-Петербургтің жетек­ші жоғары оқу орындарында білім алуға мүм­кіндік алған студенттердің саны 550-ге жетті және олардың 181-і 2019 жылы  дипломын алды. Оның 50-ден аса  бі­тіру­шісі туған жерлерінде жұмысқа орналасты.
«Орда» облыстық тұрғын үй бағдарламасы аясында 35 жасқа дейінгі 98 жас отбасы, 5 көпбалалы жас отбасы, 33 толық емес  отбасы, I және II топтағы 9 мүгедек, асыранды балалары бар 2 отбасы және 29 жасқа дейінгі жетім балалар тұрғын үйлерге ие болды.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2019 жылдың 12 айында облыс көлемінде 5823 қылмыс тіркеліп, 2018 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға төмендеді (2018 ж.-7237).  
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда (-17,0 %, 1862-ден 1545-ке), көшелерде  (-24,1%, 1026-дан 779-ға), топтасып жасал­ған қылмыстар (-28,4%, 468-ден 335-ке), кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстар  (-28,1%, 135-тен 97-ге),  атыс қаруымен жасалған қылмыстар саны (-27,0%, 37-ден 27-ге) азайды.
Қазіргі таңда 10 мың халыққа шаққандағы қылмыстылық деңгейі біздің облысымызда 73 қылмысты құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс тұрақты және қауіпсіз аймақтардың бірі болып табылады.
Облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 272 бейнебақылау камераның көмегімен 17 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 107 қылмыстың беті ашылды.
2019 жылы қайта жаңғырту аясында жергілікті бюджеттен 174,2 млн теңгеге Қызылорда қаласының полиция басқармасының Жедел басқару орталығының 50 бірлік бейне бақылау камерасы ауыстырылды.
Сондай-ақ, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қосымша 1400 бірлік бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда.
Сандық технологияларды дамыту аясында «Электрондық қылмыстық іс жүйесі» жобасы енгізіліп, қазіргі уа­қытта қылмыстық істерді тергеп-тек­серу жұмыстары электрондық фор­мат­та жүргізілуде. Аталған жүйенің тиім­ділігі, ол тергеу жұмыстарының жыл­дамдығын арттыру, қылмыстық процеске қатысушылардың қылмыстық істердің тергеу барысын электронды түрде бақылап отыруға мүмкіндігі және оның бұрмалануына жол бермеу, қылмыстық істерді тергеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға өз ықпалын тигізеді.
2019 жылы электронды форматта 2553 қылмыстық іс тергеліп, оның 601 ісі сотқа жолданды.
2017 жылдың қазан айынан бастап «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізі­лімі»  жобасы іске қосылып, 146 электронды планшет алынды. План­шет­термен 2019  жылы 91 мыңнан астам әкімшілік хаттамалар толтырылды, олардың тиімділігі және ашықтығы артып, құқық бұзушылық жасалған орында әкімшілік хаттамалар электронды түрде рәсімделіп, сол мезетте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде басқармасына тіркелуде.
ІШКІ САЯСАТ
Халықпен өзара байланыс
«Назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мемлекеттік органдардың халықпен тиімді өзара байланыс тетіктерін орнату, ақпараттық саясатты қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Электронды үкімет», «Ашық үкімет» порталында мемлекеттік органдардың  бірінші басшыларының блог-плат­формасында облыс әкіміне келіп түскен өтініштер зерделеніп, сұрақтардың барлығына жауаптар уақытылы берілді.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақ­сатында «Электронды үкімет» egov.kz порталындағы «Ашық диалог» бөлімінде облыс әкімінің қатысуымен онлайн режимінде түрлі тақырыптарда интернет-конференциялар ұйымдастырылуда. 2019 жылы 11 интернет-конференция ұйымдастырылып, облыс тұрғындары тарапынан келіп түскен 66 сауалдың барлығына толық жауап берілді.
Интернет-конференциялардың өткізі­летіндігі жайлы ақпарат алдын ала облыстық газеттерде, интернет сайттарда орыс және қазақ тілдерінде жарияланады.
Облыс тұрғындары интернет-конференция өткізіліп жатқан уақытта ұсынылған тақырып аясында өз сауалдарын қойып, онлайн режимінде жауап ала алады.
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін «Ашық диалог» порталында жыл сайын сауалнама жүргізіліп отырады, 2019 жылы  5 сала (кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау салалары) бойынша 5 сауалнама орналастырылды.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап әлеуметтік желілерде «Naqty Aqparat», «Оқшау ой» бағдарламалары жұмыс жүргізуде.
«Оқшау ой» бағдарламасы атаулы, мереке күндері жарық көріп, бағдарламада түрлі сала мамандарымен пікір алысу жүргізіледі.  Бүгінге дейін 11 шығарылым жарыққа шығып, 27 адаммен жедел сұхбат ұйымдастырылды.
«Naqty Aqparat» бағдарламасы – ақпараттық контентті дамыту, деректерге толы бейтарап нақты ақпарат көздерін ұсына отырып,  облыстың басты жетістіктерін ақпараттандыратын, инфо­графикалық, видеоконтент, сауалнама стилінде жүргізілетін жүйеленген ақпараттық бағдарлама.
Бүгінде екі мыңның үстінде оқырманы бар “Naqty Aqparat” ақпарат порталында 2,5 ай ішінде әлеуметтік, білім, медицина, жер, мемлекеттік қызмет салаларындағы ең өзекті тақырыптарын қамтыған 45 бейнесюжет, 3 арнайы репортаж, 43 пост,  3 тікелей эфир жарық көрген.
Оған қоса, Қызылорда облысы әкімдігінің «Facebook», «Instagram»  әлеуметтік желісіндегі парақшалары, «YouTube» видеопорталында ресми каналы, «Telegram» мессенджеріндегі ресми парақшасы тұрақты түрде жұмыс жасап, облыс жаңалықтарын күнделікті жариялап отырады.  
Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жұмыс ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Facebook» әлеуметтік желісі және «WhatsApp» мессенджері арқылы Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінде «Open Qyzylorda», «Open Aral», «Open Qazaly», «Open Qarmaqshy», «Open Zhalaghash», «Open Syrdaria», «Open Shieli», «Open Janakorgan»  ресми парақшалары үзіліссіз жұмыс жүргізілуде, оған қоса «Qyzylordatoday», «Qyzylorda» «Zhalagash audany», «Qazaly audany», «Shieli city», «Aral audany», «Қармақшы ауданы әкімдігі», «Сырдария ауданының әкімдігі», «Жаңақорған ауданы әкімдігі» Telegram мессенджеріндегі каналдарда имидждік ақпараттар орналастырылуда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2019 жылға арналған облыстық кешенді іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді (27.12.2018 жылғы №01/2-2/9282). Кешенді іс-шаралар жоспарына бағдарламаның басым бағыттарын жаңғыртуға және жұртшылықты хабардар етуге бағытталған 126 шара енгізілген.
Есепті кезеңде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында респуб­лика­лық, облыстық бұқаралық ақпарат құрал­дарында және интернет-ресурстарда 8 507 материал (баспа БАҚ-та 4383 мақала, телеарналар арқылы 1277 бейнесюжет, интернет ресурста 2847 материал) жарияланды.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2019 жылы 12300 жаңа жұмыс орнын  құру жоспарланса, нақты 17291(140,6%) жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде 12678-і тұрақты (103,1%).
«Жұмыс орындарын құру мони­торингі интеграцияланған картасы» автоматтандырылған жүйесіне 9 бағдарлама бойынша 16330 жұмыс орны енгізілді, оның ішінде 12212-і тұрақты (тұрақтының 99,3 пайызы).
Облыста бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі 94 рет өткізіліп, оған 4014 бос жұмыс орнын ұсынған 1211 жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңкеге 6647 жұмыс іздеуші қатысып, оның 4546-сы жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне (оның ішінде 3287 адамға тұрақты жұмысқа) жолдама берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 10,1 млрд теңге бөлінді.
2019 жылдың басынан бағдарламаға 34181 адам қатысты, оның ішінде: жұмыс­сыздар – 47,4% (16208 адам), өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 7,8% (2675 адам), жұмыс іздеушілер – 32,6% (11158 адам), басқалар (техникалық және кәсіби білім ұйымдарының қатысу­шы­лары, студенттер, зейнеткерлер) – 12,1% (4140 адам).
БАҒДАРЛАМАНЫҢ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША
Бірінші бағыт – Бағдарламаға қатысу­шыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша:
Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіп­тік білімі бар кадрларды даярлауға  жоспар­ланған 1515 адам оқуға қабылданды.
Жұмысшы кадрларды еңбек нары­ғын­да сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіби оқытуға  жоспар­ланған 2919 адамның 2191-і оқуға жіберілді.
Оқу курстары  шаштаразшы, тігін­ші, визажист, маникюр, кондитер және тағы басқа да мамандықтар бо­йынша ұйымдастырылды. Оқу курс­тарын аяқтаған 2043 адамның 1382-сі (67,6%) жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды, оның ішінде 749-ы тұрақты жұмысқа орналасса, 633-і мемлекеттік грант алды.
Екінші бағыт – Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 3140 адам жоспарланып, оқуға 3199 адам жолданды. Оның 3085-і оқуды аяқтап, 249-ы шағын несие, 1554-і жаңа бизнес идеяларына мемлекеттік грант алды.
2) «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқытуға 1100 адам жоспарланып, 1164 адам жолданды. Оның ішінде, 1100-і оқу­ды аяқтап, 18-і шағын несие, 571-і мем­лекеттік грант алып өз кәсіптерін ашқан.
3) ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 1112 адам қаралып, 1091 адамға шағын несие берілді. Қосымша 922 жаңа жұмыс орны ашылды.
3) жаңа бизнес – идеяларды іске асыруға 2662 адамға 1137,2 млн. теңге мемлекеттік грант қаралды.  3118 адам мемлекеттік грантқа ие болып, өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік алды және қажетті инвентарь, технологиялық құрал­жабдықтар сатып алды.
Үшінші бағыт – Халықты жұмыс­пен қамтуға жәрдемдесу арқылы еңбек нарығын дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығы бағыты аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 27852 адам қамтылды. Оның ішінде:
– бос жұмыс орындарына орналасқаны – 16359 адам;
– әлеуметтік жұмыс орындарына – 1275 адам, мерзімі аяқталған 1272 адамның 777-сі тұрақты жұмысқа орналасты немесе 61,1 пайызы;
– жастар тәжірибесіне – 3207 адам, мерзімі аяқталған 3123 адамның тұрақты жұмысқа орналасқаны – 837 адам немесе 26,8 пайызы;
– қоғамдық жұмыстарға – 7011 адам, мерзімі аяқталған 7008 адамның  720 адамы тұрақты жұмысқа орналасқан немесе 10,3 пайызы.
2019 жылы Солтүстік өңірлерге қоныс аудару жоспары 166 отбасын құрады. Жыл басынан 114 отбасы (құрамында 251 адам) қоныс аудару квотасына енді, оның ішінде, Қостанай облысына 43 отбасы құрамында 104 адамымен, Солтүстік Қа­зақстан облысына 22 отбасы 59 адам, Шығыс Қазақстан облысына 44 отбасы 79 адам, Павлодар облысына 5 отбасы, 9 адам.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі облыс бойынша 4,8 пайызды құрады (2019 жылдың 3-тоқсаны).
Есепті кезеңде 31481 отбасына (156466 адамға) 19 млрд теңгенің  атаулы әлеуметтік көмегі төленді. Тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің орташа ай­лық мөлшері 10990,8 теңгені құрады. Оған қоса, еңбекке жарамды жастағы 2886 адам жұмыспен қамтудың белсенді ша­ра­ларымен қамтылып, оның 1333-і тұ­рақты жұмысқа орналастырылды, 1381 адам қоғамдық жұмыстарға, 31 адам әлеу­меттік жұмыс орындарына, 49 адам жастар тәжірибесіне, 92 адам қайта даярлау курстарына оқуға жіберілді.
Есепті кезеңде 6800 отбасына 315,2 млн теңге тұрғын үй көмегі төленді.
Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. 2019 жылы 12793 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, 21369 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.
Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 791 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның 441-і  тұрақты жұмыс орындарына, 36-сы әлеуметтік жұмыс орындарына, 33-і жастар тәжірибесіне, 281-і  қоғамдық жұмыстарға тартылды.
2016 жылдан бастап облыстағы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу, жұмыс орындарын сақтап қалу мақсатында (қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде) ынтымақтастық туралы 2975 (оның ішінде 49 ірі,  кіші және орта 2926) кәсіпорынмен меморандумдар жасалып, оған 54 мыңға жуық адам қамтылды.
Оның ішінде облыс әкімімен жасалған меморандумдар саны – 52. 2018 жылы жаңа жасалған меморандумдар саны 151-ді құрап, оған 7273 адам қамтылса, 2019 жылы 82 меморандум жасалған.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ
Көлік
2019 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендер көшелерін жөндеуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға барлығы 11,7 млрд теңге бөлініп, 200,5 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпірлер жөндеуден өтті.
Қазалы ауданының «Әлсейіт» учас­кесіндегі көпір автокөлік қатынасы үшін 2019 жылы пайдалануға берілді. 2020 жылы толық қуатында іске қосылады. Қызылорда қаласындағы Шіркейлі  арнасындағы көпір құрылыстары жүр­гізілуде, пайдалануға беру мерзімі – 2020 жыл. Сол жағалауда жалпы ұзындығы 13,5 шақырым болатын 2 жол құрылысы жүргізілуде.
2019 жылы жақсы және қанағат­танарлық жағдайдағы автомобиль жол­дарының үлесі 65 пайызға жетті (2018 жыл – 63,5 пайыз).
Елді мекен тұрғындарын облыс орталығымен байланыстыру мақсатында 204 тұрақты автобус қатынасы ұйым­дастырылды. Облыс орталығынан  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жез­қазған, Қарағанды, Түркістан, Сары­ағаш, Ақтөбе және т.б. қалаларға  күн­делікті жолаушы тасымалдау  қызметтері көрсетілуде.
Бұл бағыттарда 2019 жылдың қоры­тындысымен 405,7 млн жолаушы тасымалданды.
Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-на қосымша орта сыйымдылықтағы 10 автобус сатып алынды. Қала көлемінде қызмет көрсететін автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктері қарастырылған жөндеу цехтары, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы қарастырылған жаңа коммуналдық автобус паркі пайдалануға берілді.
Одан бөлек, облысаралық және ауданаралық бағыттардағы жолау­шы­ларға қызмет көрсететін 4 автовокзал  және 8 автостанса жұмыс жасайды.
Жолаушыларға қызмет сапасын арттыру және тиімділігін жоғарылату мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 жоба жүзеге асырылды, 2 жоба бойынша жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық би­леттік жүйесін орнату» жобасы іске асырылуда. Конкурс қорытындысымен  жеңімпазы болып «ALEMPAY» ЖШС танылды. Келісім шартқа қол қо­йылып, 112 автобусты цифрландыру, аталған маршруттарды, аялдамалардың орналасқан мекендерін картаға түсіру және анықтамаларды құру бойынша жұмыстар аяқталды. № 1, 11, 14, 17, 18 және 30 автобустарға  жолаушылар SMS/QR-код арқылы жолақысын төлеу үстінде.  
Аймақ территориясынан өтетін магистралдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1055 шақырымды құрайды және 8 вокзал жұмыс жасайды. 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап «Қызылорда – Жезқазған – Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы 4 вагон пайдалануға берілді.
«Халықаралық» мәртебесін иеленген «Қорқыт Ата» әуежайы арқылы еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына және басқа облыс орталықтарына 20 тұрақты рейс ұйымдастырылған.
2019 жылы әуежайдан 106,3 мың жолаушы жөнелтілді.
Қазіргі уақытта Қызылорда қаласын­дағы жаңа әуежай терминалының құры­лысы жобасы мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік механизмі арқылы іске асы­рылуда. Жекеше әріптестікті анықтау жө­ніндегі конкурстың бірінші кезеңінің қатысушысы болып «BI Civil Construction» ЖШС танылды. Аталған ком­пания өз қаржысы есебінен жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қо­ры­тындысын алды. Жобалық – сме­та­лық құжаттар әзірлеу мәселесі талқылануда.
Тұрғын үй құрылысы

2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 761,4 мың шаршы метрге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 108,8 пайызды құрады.
2019 жылға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфра­құрылымдар құрылысына барлығы 24,5 млрд теңге бөлінді (РБ – 13,9 млрд тг, ОБ – 5,4 млрд тг., облигациялар шығару есебінен – 5,2 млрд тг.).
2092 пәтерді құрайтын 49 көпқабатты тұрғын үйдің (130,2 мың ш.м.)  құрылысы жүргізіліп, оның 1843 пәтерді құрайтын 43 тұрғын үйі (115,2 мың ш.м.) пайдалануға берілді.Оның ішінде:
1) Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша – 23 үйдің (891 пәтер – 51,1 мың ш.м.) құры­лысына 8,3 млрд теңге бөлінді. 2019 жыл қорытындысымен 19 үй (728 пәтер  41,3 мың ш.м.) пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
– Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында – 16 үй (765 пәтер,43,7 мың ш.м.), оның ішінде, 13 үй (620 пәтер, 35,0 мың ш.м.) пайдалануға берілді, қалған 3 үй (145 пәтер) 2020 жылға қалдырылды;
– Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде – 6 үй  (108 пәтер, 6,3 мың ш.м.) пайдалануға берілді;
– Шиелі ауданының Шиелі кентінде – 1 үй (18 пәтер, 1,1 мың ш.м.) 2020 жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, аз қамтылған көп­балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 46 пәтер (3,0 мың ш.м.) сатып алынды.
2) Кредиттік тұрғын үйлер бойынша – Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында 17 үй (830 пәтер- 52,4 мың ш.м.) пайдалануға берілді. Бұл мақсаттарға облигация шығару есебінен 5,2 млрд теңге, облыстық бюджеттен 391,0 млн теңге бөлінді. Қаржылар толық игерілді.
3) Жеке құрылыс салушылар есебінен Қызылорда қаласында 9 үйдің (371 пәтер – 26,7 мың ш.м.) құрылысы жүргізіліп, оның 7 үйі (285 пәтер – 21,3 мың ш.м.) пайдалануға берілді, 2 үй (86 пәтер) 2020 жылы берілетін болады.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 35 жобаны жүзеге асыруға 10,7 млрд теңге (РБ – 8,0 млрд тенге, ОБ – 2,7 млрд теңге) бөлінді.
2019 жылы облыс бойынша 518 шақы­рым инженерлік инфрақұрылым желілері пайдалануға берілді. Бұл жеке тұрғын үй құрылыстарын жүргізу үшін 3632 жер телімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.
Газдандыру

2019 жылға республикалық бюд­жеттен 43495,5 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде: 2019 жылға республикалық бюджеттен 2 жобаны аяқтауға (“Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу” және “Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса “Бейнеу-Шым­кент” магистральды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы”) – 1177,8 млн. теңге, 4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру жобасын бастауға 3 171,7 млн теңге. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен аталған жобаларды қосу қаржыландыру үшін 208,8 млн теңге қаржы бөлінді.
“Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1-кезек-ГТП-2 орнатумен АГТС-1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газ құбыры)” және “Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса “Бейнеу-Шымкент” магистральды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы” жобалары бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар қабылданды.
4 елді мекенді (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек, Жақсықылыш) газдандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүр­гізілуде. Жалпы жобалар бойынша 184,2 шақырым газ құбырлары салынып, 6 бірлік ГРП, 3 бірлік ШРП орнатылды. Нысандар 2020 жылы пайдалануға беріледі.
Әйтеке би және Жаңақорған кент­теріндегі газдалмаған көшелерін газдан­дыру бойынша жұмыстар жалғасты. Облыс­тық бюджет қаржысы есебінен «Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі тұрғын үйлерге газ құбырлары жеткізіліп, 7,6 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, 2 дана ШРП орнатылды.  Жаңақорған кентінде кварталішілік газ тарату (жеткізу) жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, 9,7 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, 1 бірлік ШРП орнатылды. Нысанды тапсыру мерзімі – 2020 жыл.
Электрмен жабдықтау

2019 жылы Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында электр желілерін салудың 1-кезеңінің аяқталуы нәтижесінде қуаттылығы 32 МВА қосалқы стансасы пайдалануға беріліп, 3,4 шақырым электр желілері тар­тылды. Осылайша,  Қызылорда қала­сы­ның сол жағалауының тұрғын үй және әлеуметтік нысандары үздіксіз және сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджеттен бөлін­ген 510,6 млн теңгеге Қармақшы ауда­нындағы 220/35/10 кВ «Жосалы»  қосалқы стансасын қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның құрылыс-жұмыстары 2020 жылы аяқталып, нәтижесінде Жосалы кентінің 34 мыңнан астам тұрғыны сапалы және үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі.
Қызылорда қаласының тұтынушы­ларын үздіксіз және сапалы электрмен қамту мақсатында облыс орталығының электр жүйелерін қайта жаңғырту және қайта жөндеу мәселелері қарастырылуда. Қызылорда қаласындағы 35/10 кВ «ГМЗ», «Силикатная», «Комсомол», «Залинейная» және «Промышленная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобаларына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындылары алынды.
Еуропалық қайта құру және даму банкімен ынтымақтастық аясында жалпы құны 5,2 млрд теңгені құрайтын Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының электр жүйелерін қайта жаңғырту жобасы  іске асырылуда. Жоба аясында  52 қосалқы станса және 300 шақырымнан астам электр желілері қайта жаңғыртудан өтетін болады. Бүгінгі күні жоспарланған жұмыстардың  80 пайызы орындалды, аяқталуы 2020 жылдың 2-тоқсанына көзделген. Нәтижесінде Қызылорда қаласының шет аймақтағы және Шиелі кентінің  тұрғындары үздіксіз және сапалы электрмен қамтамасыз етіледі.
Жалағаш және Шиелі аудандарында инвесторлардың қаражаты есебінен салынған  жалпы қуаттылығы 80 МВт құрайтын екі күн электр стансасы іске қосылып, 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжы­рымдаманың орындалуына оң әсерін тигізуде.
Жылумен жабдықтау

2019 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шиелі ауданының 9 әлеуметтік нысанының және Арал ауданындағы 4 әлеуметтік нысанының қазандықтары газ отынына ауыстырылып, қазіргі таңда сервистік қыз­мет көрсетілуде. Нәтижесінде 13 әлеу­­меттік нысанды газға ауыстыру ар­қы­лы бюджеттен отын қорына жұмса­латын қаржы көлемі кемінде 3-4 есеге тө­мендетілді.
Сондай-ақ, 7 жоба бойынша конкурс құжаттамалары әзірленіп, жеке әріптестікті айқындауға конкурс өткізілді. Бүгінгі күнге 3 жоба бойынша жеңімпаз мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, қазынашылық органдарына тір­келді. Қалған 4 жоба бойынша келісім­шартқа отыру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық бюджеттен спорт саласы­­ның 6 әлеуметтік нысанының қазандықта­рын газ отынына бейімдеу мақсатында жоба-сметалық құжаттамаларын мемле­кеттік сараптамасымен қоса әзірлеуге 29,1 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда, 4 жобаға мемлекеттік сараптама қоры­тындысы алынды, қалған 2 жоба бойынша сараптама қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы спорт саласындағы 6 әлеуметтік нысан мем­лекеттік-жекешелік әріптестік аясында газ отынына ауыстырылатын болады.
«Қызылорда қаласындағы «Қызыл­орда жылу-электр орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Белкөл» кентіндегі қазандығына қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 1335 тұрғын және               3 әлеуметтік нысан үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етілді.
Қызылорда қаласын орталықтан­дырылған жылумен қамтудың жалғыз көзі – Қызылорда жылу-электр орталығының тозу деңгейінің жоғарылауына орай  «Қызылорда қаласындағы Қызылорда жылу-электр орталығын қайта жаңғырту және кеңейту» жобасын жүзеге асыру шешімі қабылданды. Жоба «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспарына» енгізілді. 
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
2019 жылы «Нұрлы жол», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде және облыстық бюджет қаржысынан 34 жобаны жүзеге асыруға және 4 жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге барлығы 8,8 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде, респуб­ликалық бюджеттен 8,2 млрд теңге, облыстық бюджеттен 587 млн теңге.
2019 жылы 19 жоба бойынша (Қызылорда қаласы – Бірқазан, Досан, Қа­рауылтөбе, Наурыз, Сабалақ,  Жылы­жай кешені, Тораңғылсай, Қорқыт ата, Есенов көшелері, Арал ауданы – Сек­сеуіл, Арал Сода, Қазалы ауданы – Түктібаев, Қармақшы ауданы – Ақай, Жалағаш ауданы – Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл,  Шиелі ауданы – 1 Май, Ботабай, Жаңақорған кенті) жұмыстар аяқталды. Нәтижесінде 524 шақырым ауызсу және 2,5 шақырым кәріз жүйелері жаңғыртылды. Қалған 15 жоба 2020 жылға өтпелі.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша
2017 жылдан басталған Жаңақорған кентінің ауызсумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту жобасы іске асырылып, 2019 жылы қыркүйекте нысан актімен қабылданды. Жобаға барлығы 3,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 189 шақырым су желі жаңғыртылып, кеңейтілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша
24 жобаны жүзеге асыруға 6,8 млрд теңге қаржы бөлінді (РБ – 6 575 млн теңге; ОБ – 229 млн теңге).
2019 жылы 12 жоба жүзеге асырылды (Қызылорда қаласы – Бірқазан, Досан, Қарауылтөбе, Наурыз, Сабалақ,  Қорқыт ата, Есенов көшелері, Арал ауданы- Сексеуіл, Қазалы ауданы – Түктібаев, Жалағаш ауданы – Жаңадария, Аққыр, Мақпалкөл).
Нәтижесінде 289,6 шақырым ауызсу және 2,5 шақырым кәріз жүйелері жаң­ғыр­тылды. Қалған 12 жоба 2020 жылға өтпелі.  
Облыстық бюджеттен 2019  жылы сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыруға және жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 357,4 млн теңге бөлінді. Оның ішінде:
Шиелі ауданының 1 Мамыр, Ботабай елді мекендерінде 25,3 шақырым ауыз су жүйесі салынды;
Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінде 16,4 шақырым ауызсу жүйесі салынды;
Тораңғылсай жерасты су кенішін қайта бағалау бойынша жерасты су қоры зерттеліп, хаттама алынды;
Талап жерасты су көлемін қайта бағалау және зерделеу жұмыстары жүргі­зілді. Жұмыстар 2020 жылы аяқталатын болады.
Тарифтер
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
– жылумен жабдықтау орташа 3 пайыз­ға дейін, оның ішінде тұрғындар үшін 10,9 пайызға дейін;
– сумен жабдықтау 22,7 пайызға дейін;
– сарқынды суды бұру 11,4 пайызға;
– газбен жабдықтау тұрғындар үшін 1,3 пайызға тарифтік қызметтер төмен­детілді.
Сондай-ақ, электр энергиясына шекті баға тұтастай бір жыл ішінде 1,3 пайызға дейін төмендеді.
Есепті кезеңде тарифтерді бекіту бо­йынша 23 өтінім келіп түсті, оның ішінде:
16 өтінім бойынша ұсынылған құжаттардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады;
1 өтінім қаралуда («Қызылорда су жүйесі» ММК тарифтерін бекітуге ұзақ мерзімді кезеңге 2020-2024 жж);
6 өтінім бойынша тарифтер мен тарифтік сметалар бекітілді, оның ішінде:
3 субъекті тарифтері жеңілдетілген тәр­тіппен бекітілді («Арал» РМК фи­лиалы,  «Казводхоз» РМК,  «Еңбек» «Еңбек Қызылорда» РМК филиалы, «Туған ел келбеті» ЖШС);  
3 субъектіге қолданыстағы тарифтері 34,6 пайыздан 74,1 пайызға дейін төмендетіліп бекітілді («Ермек-ПЛЮС» ЖШС 43,1 пайызға, «СЕАД Логистик» ЖШС 74,1 пайызға, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ 34,6 пайызға).
Жыл сайынғы тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламалары іс-шараларының орындалуына мониторинг нәтижесімен 18 субъект бойынша 0,1 пайыздан 88,2 пайызға дейін төмендете отырып, 29 уақытша өтемдік тариф енгізілді. Тарифтерді төмендетудің жалпы сомасы және сәйкесінше қайта есептеу арқылы тұтынушыларға қайтарылған қаражат мөлшері 1,4 млрд теңгені құрады.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде өткен жылу маусымының нәтижесімен тұтынушыларға сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, 80,9 млн теңге сомасында жылумен жабдықтау қызметтерінің құнына қайта есептеу жүргізілді.
Одан бөлек 2 инвестициялық бағдарлама бекітілді:
– «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ-ның 2020-2025 жылдарға ұзақ мерзімді кезеңге арналған бағдарламасы, онда субъектінің өз қаражаты есебінен инвестиция сомасы 99,5 млн теңгені құрайды;
– «Қызылорда су жүйесі» ММК-ның 2020-2024 жылдарға арналған бағ­дарламасы – 444,2 млн теңге.
Сонымен қатар, есепті кезеңде түзе­тілген 5 табиғи монополия субъектісінің тарифтік  сметасы және 2 субъектінің инвестициялық бағдарламалары бекі­тіліп, 1 субъектінің инвестициялық бағдарламасын түзету қаралу үстінде.    
МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК
Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекешелік әріптестік – бұл мемлекет пен жеке сектор арасындағы экономиканың басым салаларына өзара тиімді ынты­мақтастық болып табылады. Қазіргі таңда, Қызылорда облысы бойынша экономиканың барлық салаларында 142 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда (құрылысқа салынған инвестициялардың көлемі 35 млрд теңгеден астам). Оның ішінде:
– денсаулық сақтау саласында 39 жоба;
– білім саласында 36 жоба;
– дене шынықтыру және спорт саласында 26 жоба;
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы саласында 19 жоба;
– мәдениет саласында 8 жоба;
– жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында 5 жоба;
– цифрландыру саласында 4 жоба;
– әлеуметтік қамсыздандыру сала­сын­да 3 жоба;
– экология және қоғамдық тәртіп салаларында 1 жобадан.
Қазіргі таңда 57 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба бойынша келісім шартқа қол қойылды (қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің көлемі 16,5 млрд теңгені құрайды). Оның ішінде:
– 18 дәрігерлік амбулатория;
– 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
– Қызылорда қаласында ауысымына 400 келушіге арналған емхана;
– 3 балабақша: Жалағаш ауданының Таң ауылдық округінде, Қызылорда қаласының сол жағалауында және «СПМК-70» шағын ауданында;
– Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі инклюзивті балабақша;
– Шиелі кентіндегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған аз сыйымдылықтағы үй;
– Қызылорда облысының мектептерін компьютерлендіру;
– Облыстық медицина орталығында және Қазалы орталық аудандық ауру­хана­сында 2 ангиографиялық зертхана құру;
– Шиелі ауданындағы индустриялық аймаққа электр желісі мен темір жол тарту;
– Шиелі, Арал, Қазалы, Жаңақорған аудандарында  және Қызылорда қала­сында әлеуметтік нысандарды газдандыру бойынша 12 жоба;
– тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптайтын зауыт салу;
– Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байла­­ныс желісін тарту;
– Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы;
– Қызылорда қаласының қоғамдық кө­лік­терінде электрондық билет жүйесін орнату;
– 2 жатақхананың құрылысы және пайдалануға беру;
– гистологиялық және иммуно­гистохимиялық диагностикаға арналған жабдықты сатып алу және орнату.
ЦИФРЛАНДЫРУ
2019 жылы «Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Көлік», «Қауіпсіздік», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық», «Қала­лық басқару», «Экология», «Ауыл шаруашылығы», «Әлеуметтік сала» сияқты 9 бағыт бойынша жалпы құны 11,6 млрд.теңгені құрайтын 29 жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Оның ішінде:
– жергілікті бюджет есебінен – 19 жоба (2,1 млрд теңге);
– мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында (одан әрі – МЖӘ) 5 жоба (9,1 млрд теңге);
– жеке инвестор қаражаты есебінен 1 жоба (342 млн теңге);
– республикалық бюджет есебінен 1 жоба;
– қаржыландыруды талап етпейтін 3 жоба.
Бүгінгі таңға жоспарланған жоба­лар­дың 18-і толық аяқталды, 2 жоба аяқталу ке­зеңінде, қалған 9 жоба келесі жылдарға өтті.
Жүзеге асырылған жобалар бойынша:
Білім беру саласында колледжге тү­суге үміркерлердің өтінімдерін қа­был­­­дауды, онлайн-тестілеу тапсыру­ды және техникалық, кәсіби білім беру ұйымдарында гранттарды бөлу про­цес­тері толығымен автомат­тан­дырылған.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің бос қызметке қойылатын біліктілік талап­тарына сәйкес іріктеп, тестілеуден өткізетін мұғалімдер мен қызметкерлер құрамын жұмысқа алу бойынша жүйе енгізілді. Бұл өз кезегінде кадр іріктеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмайды.
Қызылорда қаласының сол  жаға­лауында жаңа Жастар ресурстық орта­лығы ашылып, онда IT-парк жұмыс жасауда. Осында 2019 жылы республика бойынша бірінші болып облыс жастарына арналған веб-бағдарламалау негіздері бойынша IT-Эшелон тегін оқыту жобасы сәтті жүзеге асырылды. Оқуға 14 пен 35 жас аралығындағы 200-ден аса адам қатысты. Нәтижесінде жастар IT саласында 8 алғашқы стартап жобалар жасады.
IT-парк алаңында резиденттер бағдарламалық өнімдер жасап, оқу курстары ұйымдастырылуда, оған қоса, әлеуметтік осал топтардан шыққан балалар үшін оқу тегін жүргізіледі.
Денсаулық сақтау саласында медициналық анықтамалардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақсатында 4 медициналық анықтама (086/у, 083/у, 095/у және жұмысқа жарамсыздық парағы) автоматтандырылып, QR-код берілді. Анықтамалардың шынайылығын «Дамумед» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Бұл жоба денсаулық сақтау органдарындағы сыбайлас жем­қор­лықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
2020 жылы тағы 3 медициналық анықтаманы (35-2/у, 079/у, санаторлы-курорттық карта) автоматтандыру жоспарлануда.
Көлік саласында бейнекамералармен және GPS-құрылғылармен жабдықталған қалалық жолаушылар көлігінде электронды билеттеу жүйесі жуық арада енгізілетін болады. Жобаны жүзеге асыру үлкен қаржы көлемін талап ететіндіктен (1 млрд теңгеден астам) мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асырылуда.
Аталған жобаны іске қосу барлық автобустардың қозғалысын бақылап отыруға мүмкіндік беріп, өз кезегінде “Ақылды аялдамалар” жобасының жүзеге асырылуына жол ашпақ.
Қауіпсіздік саласында елімізде алғаш болып «112» – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін» құру бойынша жоба іске қосылды.
Жоба барлық жедел қызметтерді (101,102,103,112 қызметтері) «112» қысқа номеріне бір қоңырау шалу арқылы шақыруға, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және жедел қызметтердің өзара қарым-қатынасын реттеуге, сондай-ақ жедел қызметтердің ресурстарын тиімді пайдалана отырып, әрекет ету уақытын қысқартуға бағытталған. 2019 жылдың ішінде 15 аймақтың өкілдері аталған жобаны зерттеу және тәжірибе алмасу үшін өңірімізге келді. 2019 жылы жүйенің функционалы барлық аудан орталықтарына дейін кеңейтілді. Жоба қолданысқа дайын, қызметкерлер құрамын жинақтау, оқыту жұмыстары жүргізілуде.  
Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығы саласында тұтынылатын және жеткізілетін коммуналдық қызметтерді мониторингілеу және бақылау шығындарын азайту, сонымен қатар ақпарат жинақтаушы мекеменің еңбек шығындарын азайту мақсатында тұрғын үй қоры мен тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығының бірың­ғай ақпараттық жүйесін ендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары арасында «е-ПИК» бағдарламасына 300 үйді қосу жобасы жүзеге асырылды.
Қалалық басқару саласында тұр­ғын­дардың шұғыл емес сипаттағы бағыт­тар бойынша өтінімдерін өңдеу үшін «109 – бірыңғай контакт орталығы» қол­да­нысқа енгізілді. Бұл абаттандыру мәсе­лелері, электрмен, жылумен, сумен жаб­дықтау қызметтері, ашық люктер мә­се­лелері, қоғамдық көлік, пәтер иеле­рінің кооперативі қызметі және тағы басқалар.
Бұрын қала тұрғындарына бұл мәселелерді шешу 80-нен астам телефон нөмірлерін білу қажет еді. Қазір өтінімдер тек бір бірыңғай «109» нөмірі бойынша қабылданып, автоматты түрде тиісті ұйымдарға жіберіледі. «112» және «109» қызметтерінің тиімді жұмысын құру үшін «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
Ауыл шаруашылығы саласында «Ж.Жиенбаев атындағы өсімдіктерді қорғау және карантин» ғылыми-зерттеу институты мен «Ақмая» шаруа қожалығы нақты егіншілік элементтерін қолдана отырып, бірлескен жобаны іске асырды. Нәтижесінде шаруа қожалығының өнімділігі 50%- ға артты.
Республика бойынша алғашқы болып «Мағжан және К» ЖШС базасында заманауи цифрлық күріш өңдеу зауыты іске қосылды. Күріш өңдеу процесі толығымен автоматтандырылған және қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді.
Ж. Махамбетов ауылында испандық технология негізінде көкөніс өсіретін заманауи автоматтандырылған жоғары технологиялық жылыжай кешені іске қосылды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында қызанақтың алғашқы өнімін жинау жоспарланып отыр.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы  аясында 2019 жылы ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі халықтың цифрлық сауаттылығын 80% – ға жеткізу жоспарлаған. Аймақта 2019 жылдың жоспарында 10500 адамды оқытуға көр­сетілген санына қарамастан 295 жат­тық­тырушы 26270 тұрғынды оқытып, жос­парлы көрсеткіштен 2,5 есеге асып түсті.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР
Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсетудегі басым бағыттардың бірі – мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру болып табылады.
Бұл ретте Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жол­дауында 2019 жылдың соңына дейін мем­лекеттік қызметтердің 80%, 2020 жылдың соңына қызметтердің 90%-ын  электронды нысанға ауыстыруды тапсырды.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар көрсететін 189 мемлекеттік қызмет түрінің ішінде 110-ы (58,2%) электронды түрде көрсетілуде.
Атап өту қажет, Қызылорда облысы 2019 жылы жергілікті бюджет есебінен білім саласындағы 13 мемлекеттік қызметті автоматтандырды (5 қызмет орта білім беру саласында, 8 қызмет кәсіптік және техникалық білім саласында). Нәтижесінде ағымдағы оқу жылында қабылданған 61527 өтініштің 77,2%-ын (47 546) қызметті алушылармен электронды түрде берілді.
Облыс тұрғындарының электронды қызметтерді алудың ыңғайлылығы жөнінде хабардарлығын арттыру мақсатында  2014 жылдан бастап «Барлы­ғына бірдей, әркімге қол жетімді» акциясы тұрақты өткізіліп, жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсырылады.
Бүгінгі күнге барлығы  31519 адам қатынасқан 9 акция өткізіліп, 534 адам ұтыс иегері болып танылды.
Сонымен қатар, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы 9285  адам «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды қызметтерді алу дағдыларына үйретілді.
Облыстың барлық мемлекеттік органдарында, білім беру ұйымдарында және емханаларда «Connection point» (Коннекшнпоинт) өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылған.
ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ
Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда жобалық тәсілді қолдану тиімді басқарудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Облыста жобалық басқару бойынша жұмыс екі бағытта жүргізіледі: орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және жергілікті атқарушы органдарда жобаларды іске асыру.
Республикалық деңгейде «Өңірлерде өмір сүру сапасын жақсарту» бағыты бойынша жобалық басқару шеңберінде перспективалы ауылдарды дамытуды көздейтін «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2019 жылы 2 аудан орталығы (Жосалы, Жалағаш) анықталып, 21 жоба жүзеге асырылған.
2020 жылға Қызылорда облысы бойынша «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласында 4 тірек ауылдық елді мекен анықталды. Жалпы сомасы 1,6 млрд теңге болатын 31 жоба.
Жергілікті деңгейде Белгород моделі­нің тәжірибесі бойынша «Облыс­тық жобалық кеңсесінің» жұмысы жалғасуда.
2019 жыл ішінде Облыстық жобалық кеңсесі облыстық басқармалар мен барлық аудандар және Қызылорда қаласының әкімдіктері тарапынан ұсынылған 59 жобаны іске асыруды мақұлдады. Жобалық басқару шеңберіндегі барлық жобалар: «Бастамашылық жобалар», «Бюджеттік инвестициялық жобалар», «Цифрландыру жобалары» және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары» болып құрылымдалған.
Мақұлданған жобалар білім беру сапасын, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, бұқаралық спортты дамытуға, өңірде әлеуметтік қолдауды одан әрі дамытуға бағытталған және жобалық басқару шеңберінің ерекше бақылауында. Сондай-ақ, барлық жобалар мақсаттармен, оларды іске асыру мерзімдерімен және нақты нәтижеге қол жеткізумен нақты белгіленген.
Іске асырылған жобалардың тиім­ділігін ескере отырып, 2020 жылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арт­тыруға бағытталған жобалық басқару шеңберіндегі жұмыстар жалғас­тыры­латын болады.
БЮДЖЕТ
Бюджеттің кіріс бөлігі
Шоғырландырылған бюджетке (мем­ле­кеттік бюджет және Ұлттық қор) облыстан 331,8 млрд теңгенің түсімі қамтамасыз етілді (2020 жылдың 1 қаңтарына).
2019 жылы мемлекеттік бюджетке 155,5 млрд теңге түсім жоспарланып,  157,3 млрд теңге түсті, бұл есепті жылғы болжамға 101,1%-ды құрайды.
Республикалық бюджетке түсім жоспары 98,9%-ға орындалды. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 17,1 млрд теңгеге ұлғайған. Жергілікті бюджет бойынша болжам 105%-ға орындалды. Бұл ретте 2018 жылмен салыстырғанда түсім көлемі 4,4 млрд теңгеге ұлғайған.
Бюджеттің шығыс бөлігі
2020 жылдың 1 қаңтарына облыс бюджеті 304,6 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 31,6 млрд теңгеге артық. Бұл ретте, күрделі сипаттағы шығыстар көлемі (құрылыс, күрделі жөндеу, құрал-жабдықтар сатып алу) 64,1 млрд теңгені құрады.
Бюджет әлеуметтік сипатын сақтап қалды. Шығыстардың жалпы көлемінің 56,3%-ы немесе 171,5 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды.  
Бюджеттің атқарылуы
2020 жылдың 1 қаңтарына Қызылорда облысы бюджетінің шығыстар жоспары 99,2 пайызға орындалды (жоспар 304650,1 млн.теңге, орындалғаны 302157,4 млн.теңге).
Республикалық бюджет қаржысының жоспары 100 809,7 млн  теңгенің 99 271,0 млн теңгесі немесе 98,5 пайызға игерілді, игерілмегені – 1 538,7 млн.теңге (917,9 млн теңге үнемделген қаржы), оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша – 886,5 млн теңге, нысаналы даму трансферттер бойынша – 648,9 млн теңге, алынған қарыздар бойынша – 3,3 млн теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты 99,5 пайызға игерілді, игерілмегені 954,0 млнтеңге соманы құрады (471,0 млн теңге үнемделген қаржы).
ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ
Жекешелендірудің Кешенді жоспары­ның аясында Қызылорда облысында жекешелендіруге жататын 20 нысанның тізбесі белгіленді,  оның ішінде коммуналдық меншіктің 8 нысаны және «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 12 ұйымы.
2016-2019 жылдары сауда-саттық кестесіне сәйкес 12 нысан 381,1 млн  теңгеге жекешелендірілді, оның ішінде коммуналдық меншіктегі 3 нысан 37,3 млн теңгеге және «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының 9 ұйымы (қатысу үлесі) 343,8 млн теңгеге.
Сонымен қатар, 6 нысан бойынша тарату туралы шешім қабылданды.
Тағы 1 нысан – «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ Үкіметтің қаулысымен  жекешелендірудің Кешенді жоспарынан алынып тасталды.
Ал, 1 нысан – «Алтын Қамба» сауда-логистикалық кешені» ЖШС бойынша қазіргі таңда жекешелендіру арқылы нысанды іске асыру жұмыстары жүргізілуде.
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АРНАЙЫ ЖОБАСЫНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ
Ауылдағы әлеуметтік ортаны жақсарту, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту бағытында 2019 жылдан бастап “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасы жүзеге асырылуда.  
Қызылорда облысына “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасын іске асыру бойынша 1 917 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 719 млн теңге, жергілікті бюджеттен 198,0 млн теңге қаралды.
Осы жоба аясында 2 аудан орталығы – Жосалы және Жалағаш кенттерінде 31 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде:
Жосалы кенті бойынша 18 жоба (білім саласында – 3 мектеп, 1 – мәдениет үйі, денсаулық сақтау – 1 емхана, көшелерді жөндеу – 13 жоба – 18,6 шақырым).
Жалағаш кенті бойынша 13 жоба (білім саласында -1 мектеп, мәдениет саласында – 4 жоба, көшелерді жөндеу –  8 жоба – 9,8 шақырым) жүзеге асырылды.
“Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасы бойынша ауылдарды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында шаралар 2020 жылы жалғасатын болады. Оған 1 792 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 612 млн теңге, жергілікті бюджеттен 180,0 млн теңге (4 тірек елді мекенде ауыз сумен қамтамасыз ету – 1 жоба, 2 мектепке күрделі жөндеу, 2 көшені жарықтандыру, елді мекен ішіндегі көшелерді орташа жөндеу – 26 жоба) бағытталды.
Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың нәтижесінде “Ауыл – Ел бесігі” арнайы жобасын жүзеге асыру ауыл­дық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытып, ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға септігін тигізуде.
«БАЙҚОҢЫР» ӘЛЕУМЕТТІК- КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ
2019 жылы жалпы құны 706,5 млн теңге болатын 6 бірлескен кәсіпорын құрылды, тартылған жеке инвестициялар көлемі – 428,7 млн теңге, жобалардағы  «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының үлесі – 277,8 млн. теңгені құрайды.  
2019 жылы Жаңақорған ауданында  «Бекарыс Агрофуд» ЖШС арқылы асылтұқымды репродуктор және мал сою пунктін құру жобасы іске асырылды. Тартылған жеке инвестициялар көлемі –  189,5 млн теңге, «Байқоңыр» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының жобадағы үлесі – 111,6 млн теңге. 16 жұмыс орны құрылды. Жоба ет бағытындағы жоғары өнімді асылтұқымды ірі қара мал өсіруді, халал-технологиясы бойынша мал союды және азық-түлік нарығына сапалы сиыр етін сатуды көздейді.
Келесі жобалар жүзеге асырылу сатысында:
• Қармақшы ауданында қуаты жылына 1500 тонна болатын құс фабрикасының құрылысы;
• Сырдария ауданында мал бор­дақылау алаңын, мал сою пунктін және ет комбинатын құру;
• Жалағаш ауданында асылтұқымды репродукторды, мал сою пунктін және ет комбинатын құру;
• Жаңақорған ауданындағы «Orda Сығанақ» балшықпен емдеу шипажай құрылысы;
• Жаңақорған ауданында асыл­тұқымды репродуктор мен модульдік малсою пунктін құру;  
• Шиелі ауданындағы «Құтау-3» кен орнында әктасты барлау және өндіру;
• Жаңақорған ауданындағы «Ақ Кү­міс» кен орнынан саз (бентонит) өндіру;
• Қазалы ауданындағы «Казалин­ское» учаскесінде саз топырақты (суглин­ки) барлау.
Сонымен қатар, “Байқоңыр” әлеу­меттік-кәсіпкерлік корпорациясы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шеңберінде бірқатар қабылданатын шара­лардың операторы болып белгіленген.
 “Байқоңыр” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының шешімімен «Алтын Қамба» «Агроөнеркәсіптік комби­наты» ЖШС тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі операторы болып белгіленді. Оның негізгі міндеті – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру болып табылады.
Қазіргі таңда “Байқоңыр” әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациясының балан­сында Қызылорда қаласының шағын аудандарында орналасқан 26 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда.
Көкөніс өнімдерін жыл бойы сақтауды қамтамасыз ету үшін Қызыл­орда қаласының Жаппасбай батыр көшесі бойында сыйымдылығы 2000 тонна болатын көкөніс қоймасын салу жұмыстары жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<