Қытайдан әкелінген 39 тоннадан астам жеміс пен көкөністен қауіпті зиянкестер анықталды

31

0

Фото: ЖИ

Қазақстанға Қытайдан жеткізілген 39 тоннадан астам жеміс-көкөніс өнімінен қауіпті карантиндік зиянкестер табылды.

Тексеру барысында 19 тонна шабдалыдан шығыс жеміс жемірі, ал 20 тонна сәбізден алтын түсті картоп нематодасы анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы дақылдарына елеулі қауіп төндіріп, өнімнің сапасы мен көлеміне кері әсер етуі мүмкін.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, карантиндік нысандар анықталған өнімдер Қазақстан аумағына кіргізілмей, шыққан еліне кері қайтарылды.

Аталған дерек бойынша жүк иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалып, тиісті шаралар қабылдануда. Құзырлы органдар ел аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне фитосанитарлық бақылау тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.