Ірі жобаларды ілгерілету қарекеті

2

0

Өңірде бірқатар маңызды жоба қолға алынғаны белгілі. Осыған орай, «Мемсараптама» РМК бас директоры Тимур Қарағойшиннің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев тікелей байланыс арқылы қатысты.

Жиында алдағы уақытта жүзеге асы­рылатын жаңа жобалардың жоба-смета­лық құжаттамаларын әзірлеу, мемле­кет­тік сараптамадан өткізу және құ­рылыс жұ­мыс­тарын ұйымдастыру барысы қаралды.

Ірі жобаның бірі – Қызылорда қаласындағы Тоқтыбаев көшесінен Сырдария өзені арқылы өтетін жаңа автомобиль көпірі. Жаңа көпір қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға, жол қозғалысын реттеуге және шаһардың екі бөлігін байланыстыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жоба-сметалық құжаттаманы «Тека Проект» ЖШС демеушілік қаражат есебінен әзірлеп, мемлекеттік сараптамаға жіберді. Оң қорытындыны алдағы қыркүйек айында алу көзделіп отыр.

Тағы бір жоба – Президент саябағы аумағында салынып жатқан жаңа драма театрдың құрылысы.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Қызылорда қаласында жаңа драма театр салуды тапсырды. Осы жылдың сәуір айында театрдың іргетасы қаланды.

Жаңа ғимарттың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрден асады, 520 көрер­менге арналған. Мұнда репетициялық залдар, студиялар, шығар­машылық кеңіс­тіктер мен әкімшілік кабинеттер қарастырыл­ған. Сонымен қатар, театр заманауи сахналық техникамен, қуатты дыбыс жүйесімен және соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі жанрдағы қойылымдарды жоғары кәсіби деңгейде сахналауға мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысы бойынша аталған жобалар жан-жақты талқыланып, ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.

«СБ» ақпарат